«STEM- MAKER 2021»сайысы

Дата: 2021-03-03 10:50:01
Бүгін, яғни 02.03.2021 ж. «Балқаш қаласының жалпы білім беретін №8 мектебі» КММ базасында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен дарынды оқушыларды анықтау мақсатында үшөлшемді үлгілеу және оның интерфейс жүйесін қолдану дағдысын, болашақта сұранысқа ие мамандықты игеруде, күнделікті өмірде АКТ құралдарын қолдануды қалыптастыру, қолжетімді қалдық заттардан жасалған қолдануға жарамды жобалар мен технологиялар ойлап табу мақсатында оқушылар арасында «STEM- MAKER 2021»сайысы өтті.
Сайысқа қала мектептерінен 12 оқушы қатысып, өздері қолжетімді қалдық заттардан жасаған алуан түрлі жобаларын ұсынды. Жобалардың ішінде тиімді ғылыми жаңалықтары бар жобалар мен қатар ертеден бері қолданыста бар жобалар да кездесті. Нәтижесінде:
І орын
1. «Көңілді арка» жобасымен Михайл Русаков атындағы мектеп – интернатының 9Ә сынып оқушысы Сагиндиков Досымжан
ІІ орын
1. «Болашақ компьютер» жобасымен «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ – нің 9А сынып оқушысы Маратов Ислам,
2. «Эко су бұрқақ» жобасымен «№8 жалпы білім беретін мектебі» КММ – нің 9Ә сынып оқушысы Тулеубеков Қыдырали
ІІІ орын
1. «Шағын баскетбол алаңы» жобасымен «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ – нің 9А сынып оқушысы Жумабек Әділет,
2. «Кубок» «жобасымен Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ – нің 9А сынып оқушысы Тілектес Бекжан,
3. «Цветочный горшок» жобасымен "№16 жалпы білім беретін мектебі" КММ – нің 9А сынып оқушысы Гапуов Алишер иеленді. Құттықтаймыз!!!
Возможно, это изображение (2 человека, в том числе Алия Алтынова, ноутбук и экран)Возможно, это изображение (13 человек, в том числе Роза Химиран и Макпал Имашова и текст)
Возможно, это изображение (1 человек)