« Бәрін жүрегіңмен өлше»

Дата: 2021-02-07 22:08:50
«Кір тигізбей ұста ойыңның өресін,мейірім етсең — мейірімділік көресің»
(Ж.Баласағұн).
04.02.2021 2-ші сыныптар арасында « Бәрін жүрегіңмен өлше» тақырыбында ашық сабақтар өткізілді.Мақсаты: Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде қойған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.Балалардың айналасындағыларды жақсы көруін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.«Жақсылық» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту.Оқушылар жұппен жұмыс жасады, әр оқушы өз постерін қорғады. Әр оқушы алдын ала дайындалған ситуациялық сұрақтарына жауап берді. Оқушыдардың тұлға ретінде дамуына слайдтар көрсетіліп, бірге талқыланды.
Психологиялық тренинг барысындаоқушылар арасындағы сыйластық, кеңпейілділік, жанашырлық ұғымдарын терең ашып, мейірімділік арқылы адам бойындағы имандылық пен инабаттылық қасиеттерін дамытуға болатындығы туралы жан-жақты мағлұмат алды.Өзара қарым-қатынасты жақсарту мақсатында, әдепті сөйлеу, инабатты болу, сынып жетекшісімен дұрыс қарым –қатынаста болу, психологиялық кеңес жүргізілді.Сұрақ-жауаптар арқылы оқушылар өз ойларын ашық айтып, соңы пікірлесумен аяқталды.Мейрімділік, адамгершілік құндылықтар бала бойына үлкен мен кішінің арасын- дағы шынайы қарым-қатынас кезінде дариды. Көзге көрінбейтін өте нәзік сезімді, аса құнды қасиеттерді жүректен-жүрекке үзбей жеткізу тек шебер ұстаздың қолынан ғана келеді. Балаға жүрек жылуы қашанда қажет және ол ешқашанда артық болмайды.Бүгінгі ашық сабақтар өз дәрежесінде қызықты,тартымды өтті.
Возможно, это изображение (текст)
Возможно, это изображение (один или несколько человек, люди стоят и в помещении)
Возможно, это изображение (ребенок, стоит, сидит и в помещении)
Нет описания фото.
Возможно, это изображение (1 человек и в помещении)
Возможно, это изображение (1 человек, ребенок, цветок и в помещении)