«Алаштың айбыны - Бауыржан Момышұлы» тақырыбы

Дата: 2021-01-26 15:24:12

«Алаштың айбыны - Бауыржан Момышұлы» тақырыбында 2021 жылдың 26-қаңтар күні 10-сынып оқушыларымен қашықтықтан дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді. Бауыржан Момышұлының өмір жолымен айта отырып,бүгінгі ұрпаққа ерлігін үлгі ету мақсатында, тарих пәнінің мұғалімдері Т.Еримбетов пен Г. Бакирова мектеп оқушыларының бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарытуда халқымыздың біртуар ұлы, ержүрек қолбасшы, жазушы, Қазақстанның Халық Қаһарманы батыр Б.Момышұлы туралы, кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттері мен ерлікке толы шығармаларына тоқталды. Шараға қалалық тарихи-өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері Қожақов Даулет Асанханұлы қатысып, оқушыларға батыр ағамыз туралы тарихи тәжірибесі мен тәрбиенің маңыздылығын айтты. Бүгінгі дөңгелек үстел барысында әр оқушының көкейіне ой салып, қоғамға керекті азамат отан сүйгіш, ел сүйгіш азамат елге қызмет ететін ұрпақ болуын санаға сіңдіруді мақсат еткен бұл шара оқушылардың да, ұстаздардың да патриоттық рухын күшейтті. 10 сынып оқушысы А.Ахметжанов та өз ойын білдіріп, бүгінгі алып отырған мәліметтер, яғни Бауыржан Момышұлының ерлігі, қаhармандығы бізге атамыздың ұлт жанашыры екенін дәлелдеп берді. Біз жоғары сынып оқушылары, тағылымы мол осындай шараға қатысқанымызға қуаныштымыз. Алдағы уақытта ерінбей еңбектеніп, батыр ағамыздың шығармашылығын ізеніп оқуға ұмтылатын боламыз. Бауыржан Момышұлының әлі де ашылмаған қырларының барлығы бізді тағы да қызықтырды. Бізде өз үлесімізді қосуға тырысамыз деп айтты.

Возможно, это изображение (экран)

Возможно, это изображение (2 человека, люди сидят и люди стоят)

Возможно, это изображение (5 человек, в том числе Нұра Ауданы Білім Бөлімі, люди сидят и люди стоят)