«Бейімбет Майлин - 125 жаста» атты конференция 00ушылармен -өтті

Дата: 2021-01-18 20:57:27

Биыл 2021 жыл көптеген ақын-жазушыларымыздың мерей тойлары аталып өтіп жатыр. Осы мерейтойларға сәйкес мектебімізде қазақ тілі әдебиет пәнінің мұғалімі А.К. Манаеваның ұйымдастыруымен қаңтардың 15-і күні апталық жоспарына сәйкес, қазақтың көрнекті ақын-жазушысы, драмматург, алаштың ардақтысы Бейімбет Майлин Жармағанбетұлының туылғанына биыл 125 жыл толуына орай «Бейімбет Майлин - 125 жаста» атты оқушылар конференциясы болып өтті. Конференцияға мектебіміздің оқушылар мен сынып жетекшілер қатысты. Конференцияда арқау болған тақырыптарды жауапты оқушылар баяндап айтты. Осы тақырыптар аясында 7 сынып оқушылары ізденген жұмыстарын таныстырып айтып шықты. Яғни ақынның өмір баяны мен шығармашылығы туралы мәліметтер айтып, сонымен қатар «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры», «Күлпаш» деген шығармалары оқушыларға таныстырылды. Конференцияға ат салысқан оқушылар: 7 сынып оқушылары Әбділдақызы Қарақат, Балғымбекова Назерке, Жунусов Азат, Серикова Еркеназ, Мұрат Ақбота.

На изображении может находиться: 1 человек, текст

 

На изображении может находиться: 3 человека

На изображении может находиться: 1 человек