Тәуелсіздік – ел тілегі

Дата: 2020-12-14 23:20:15

   14.12.2020 жылы мектебіміздің кітапханашылары 16-желтоқсан тәуелсіздік күніне орай оқушыларды   Отанымыз – Қазақстанның тарихи белестерімен таныстырып,елін,жерін сүйетін ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу   мақсатында «Тәуелсіздік – ел тілегі» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

  Кітапханашы А.Абзалбекова оқушыларға  егеменді еліміздің 29 жыл ішінде талай белестерді басып өткен тарихи белестеріне шолу жасап, Тәуелсіздік алуымызға үлес қосқан желтоқсан көтерілісінің құрбандарының өмір жолдары  туралы қысқаша мәліметтер айтып өтті. Сонымен қатар кітап көрмесіне қойылған кітаптарға жеке-жеке тоқталып,оқушыларды  кітап оқуға шақырды.