«Өнегелі өмір» атты жоба аясында келер ұрпаққа үлгі болар, өмір жолын таныстыру

Дата: 2020-12-09 13:05:47

Мектебімізде облыстық «Өнегелі өмір» атты жоба аясында келер ұрпаққа үлгі болар, өмір жолын таныстыру үшін мектебіміздің ұлағатты ұстазы, қазіргі таңда бірінші деңгейлі, жоғары санатты физика пәні мұғалімі, жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін Ы. Алтынсарин төс белгісінің иегері, Қанат Дәркен Кәменқызымен кездесу өтті. Кездесуіміздің мақсаты: Жастарға аға буынның тағлымды жолын үлгі ету, оқушылардың жанына жақын мамандығын, кәсібін табуына ықпал ету және табысқа жеткен тұлғалардың көмегімен бағыт- бағдар беру. Сұхбатымыз Zoom платформасы арқылы қашықтықтан жүргізілді. Ұстаздың еңбек жолында көптеген білімді шәкірттер тәрбиелеп, шәкірттері ұстаздан алған білімінің тереңдігі мен тұрақтылығын дәлелдеп, ұлағатты ұстазымыз бірнеше Республикалық, облыстық, қалалық алғыс хаттармен марапатталған жетістіктермен бөлісті. Қазіргі таңда зейнет жасында болса да «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей жас ұрпаққа білім беру үстінде. Сөз соңында кешіміздің қонағы Дәркен апайымызға зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасының амандығын тілей отырып, осындай мағыналы, мәнді ақыл- кеңестерімен ортамызда аман- есен жүріңіз деген ізгі тілекпен аяқталды.