"Алаш қайраткері- Міржақып Дулатов"

Дата: 2020-11-28 18:51:12
27.11.2020 жылы мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен қазақ халқын отты өлеңдерімен оятып, өнер-білімге, еркіндікке, рухани оянуына үлес қосқан тұлғалардың бірі саяси-қоғам қайраткері, ақын, жазушы, публицист, ағартушы ұстаз Міржақып Дулатовтың өмірі мен қызметі туралы білімдерін кеңейту мақсатында "Алаш қайраткері- Міржақып Дулатов" атты дөңгелек үстел отырысы өтті.Осы і-шара барысында кітапханашылар М.Дулатовтың өмір жолы,шығармалары жайында баяндалған слайд шоу арқылы оқушыларға көптеген мәліметтер берді.Көрмеге қойылған бес томдық кітаптарымен таныстырып өтті.Іс- шараға оқушылар ақынның «Оян, қазақ» және «Жастарға » өлеңдерін мәнерлеп оқып,белсенді атсалысты.Сонымен қатар М.Дулатовтың кітаптарын электронды оқуға арналаған сілтемелерін ұсынды.