«Қазақстан –менің Отаным »

Дата: 2020-11-19 11:02:52

2020 жылдың 9-11 қараша аралығында Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен қашықтықтан «Қазақстан –менің Отаным » атты онлайн-сурет көрмесі өтті. Байқаудың мақсаты балаларға елін, жерін сүюге , отанының патриотты болуға, өз елімен мақтана білуге тәрбиелеу және дарынды жас суретшілерді шығармашылық ізденіске баулу. Балалар өз туындыларында Қазақстанның әсем қаласын, табиғаты мен кең даласын, ою-өрнектерін бейнелей отырып, шығармашылық жұмыстарын ұсынды.Онлайн –сурет көрмесінің қортындысы бойынша мектебіміздің жас суретшілері жүлделі ІІ-ІІІ орындарға ие болды.