2020-2021 оқу жылының 31-қазан күні сағат 12:00-де zoom платформасы

Дата: 2020-11-06 16:09:15
2020-2021 оқу жылының 31-қазан күні сағат 12:00-де zoom платформасы арқылы құқық бұзушылықтың алдын-алу және күзгі демалыстың ұйымдастырылуы барысында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Мектеп директоры Токейбекова Айгуль Токеновна ата-аналарға бірінші тоқсанның аяқталып қалғанын және күзгі демалыс кезіндегі балалардың қауіпсіздік ережелерін есте ұстауларын және демалыс кезінде оқушылардың бей мезгіл бос жүрмей ұйымдастырылып жатқан іс-шараларға қатыстыруға шақырды. Күн тәртібіндегі бірінші және екінші мәселе бойынша кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Тогайбекова Сымбат Муратовна «Әкімшілік құқықбұзушылық және қылмыстық жауапкершілік» бойынша ата-аналар мен жасөспірімдерге байланысты қойылатын талаптар мен 442, 435, 434, 440 баптар туралы және қазіргі жағдайға орай балалар мен жасөспірімдердің далада жүру ережелерін айтып өтті. Үшінші сұрақ бойынша әлеуметтік педагог Мустапаева Жазира Токтасыновна ата-аналарға оқушыларды мектепішілік есепке қандай жағдайларда алынатыны жайында айтты. Жиналысқа қатысқан ата-аналар өз ойларын айта отырып, мектеп директоры мен инспекторға өздерін ойландырып жүрген сұрақтарын қойды және оған алған жауаптарына қанағаттанатындықтарын білдірді.