«Балқаш қаласының білім бөлімінің» 2019 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету қорытындысы бойынша ақпарат

Дата: 2020-02-04 10:03:08

Балқаш қаласының білім бөлімі бүгінгі күнге 21 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

 

 2019 жылда 9990 мемлекеттік қызмет көрсетілді, онын ішінде – 81 «Азаматтар үкіметі»  Мемлекеттік корпорациясы  арқылы, www.egov.kzэлектронды Үкіметінің «веб-порталы» арқылы -934, мемлекеттік мекеменің ақпараттық жүйелері арқылы – 4220,  мемлекеттік мекемеде –  4755 қызмет.

 

Білім беру мекемелерімен:

 2565 -Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау қызметі,  оның ішінде элетронды түрде – 1175;

54 -білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау қызметі,

889 - Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну қызметі,

233  - Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру,

 1731 бала мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қабылданды,

 2010- Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау қызметі көрсетілді.

2119 бала мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін кезекке қойылды.

 

         Қамқоршылық және қорғаншылық ұйымымен 6 Жетімбалаға (жетім-балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға(балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгіленді, 8қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы(жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындалды. 6 баланы патронаттық тәрбиеге берілді және  патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеу тағайындалды.

 Бала асырап алуға тілек білдірген 2 отбасы есепке қойылды.

Сонымен бірге қамқоршылық және қорғаншылық ұйымымен   75 адамға кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру қызметі  көрсетілді

 

Қамқоршылық және қорғаншылық ұйымымен көрсетілетін барлық  мемлекеттік қызметтер «Азаматтар үкіметі» Мемлекеттік корпорациясы  арқылы көрсетіледі.

Бекітілген медиа-жоспарына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын  түсіндіру үшін 12 мақала жарияланды

2019 жыл бойына  ішкі бекітілген жоспар бойынша білім бөлімінің структуралық бірліктерінде 31 тексеріс ұйымдастырылды, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша анықталған кемшіліктер ұсыныста көрсетілген мерзім ішінде жөнделді, жауапты тұлғалар тәртіптік шараға тартылды.

 

Жыл қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет мерзімін бұзу және мемлекеттік қызмет бойынша шағымдану фактілері болған жоқ.