"Кітап-алтын қазына"
Category:
Date: 2020-03-27 13:14:09
Дана халқымыз "Кітап-алтын қазына" деген. Бізді білім нәрімен сусындататын ғалым, тілсіз мұғалім осы кітап. Кітап адам өмірінде ерекше орын алады. Кітап оқу арқылы біз білімімізді шыңдап, сөздік қорымыз бен ой-өрісімізді кеңейтеміз.
Көктемгі демалыс кезінде балаларға аудиокітаптар тыңдау ұсынылады. Балаңызға ертегі оқуға уақытыңыз тапшы болса, аудионұсқасын қосып беріңіз :)
Біз ең үздік 5 ертегі...
1-наурыз Алғыс айту мерекесіне орай «Бауырмалдықты сезіне білдік» атты дөңгелек үстел өтті.
Category:
Date: 2020-02-26 18:15:45
2020 жылдың 26 ақпан күні мектеп кітапханасында 7 сынып оқушыларының қатысуымен 1-наурыз Алғыс айту мерекесіне орай «Бауырмалдықты сезіне білдік» атты дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты:Өскелең ұрпақты достыққа,бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа,отансүйгіштікке тәрбиелеу,елімізде этникаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтуға өз үлестерін қосуға және бауырмал болуға баулу.
Аталған...
Қоғам қайраткері жерлесіміз Нығмет Нұрмақовтың туғанына 125 жыл толуына орай, 10 сынып оқушыларымен « Ұрпақтары ұлықтарлық ұлы тұлға » атты танымдық сағат
Category:
Date: 2020-02-07 17:40:04
2020 жылдың 07 ақпанында мектеп кітапханашысы Г.Кәрімнің ұйымдастыруымен көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері жерлесіміз Нығмет Нұрмақовтың туғанына 125 жыл толуына орай, 10 сынып оқушыларымен « Ұрпақтары ұлықтарлық ұлы тұлға » атты танымдық сағат өткізілді.Тарих пәнінің мұғалімі Ү.Әбдіғаппар оқушыларға қазақтың белгілі мемлекет және қоғам қайраткерінің ерен еңбегі туралы айтып өтті.
Мақса...
«Мейірім төккен ана» атты кітап бұрышы, кітапханалық сағаты туралы
Category:
Date: 2020-02-05 18:20:11
2020 жылдың 5 ақпанында мектеп кітапханашысы Г.Кәрімнің ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану» апталығының аясында «Мейірім төккен ана» атты кітап бұрышы ұйымдастырылып,кітапханалық сағат өткізілді. Іс-шараға 3 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты:Мейірімділік ұғымы туралы түсініктерін кеңейту,адамгершілікке,сыйластыққа,бір-біріне деген сүйіспеншілікке,имандылыққа,шыншылдыққа тәрбиелеу.Баланың бойына рухани-...
А.Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай, «Абай – дара, Абай – дана қазақта!» атты іс – шара
Category:
Date: 2020-01-05 19:12:39
2020 жылдың 5 қаңтарында мектеп кітапханасында бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен А.Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай, «Абай – дара, Абай – дана қазақта!» атты іс – шара өтті.
Мақсаты: оқушыларды қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмір жолымен, нақыл сөздерімен таныстырып, сапалы түсініп оқуға машықтандыру, адамгершілікке, адалдыққа, талапты болуға, еңбексүйгіштікке тәрбиел...
3 – 4 сынып ата – аналарының арасында «Кітап рухани байлықтың қайнар көзі» атты дөңгелек үстелі
Category:
Date: 2020-01-05 16:44:35
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына орай мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен 3 – 4 сынып ата – аналарының арасында «Кітап рухани байлықтың қайнар көзі» атты дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Оқу мәдениетін дамыту және қолдау, тарихи – мәдени, рухани мұрамызды ата – аналар арасында насихаттау, кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру, рухани ойлауы терең, бауырмал, мейірімді ұ...
Поэзия патшасы Ф.Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуына орай, 6 сынып оқушыларының арасында «Өлең, мен сені аялап өтемін!» атты мәнерлеп оқу сайысы
Category:
Date: 2019-12-26 09:21:54
2019 жылдың 24 желтоқсан күні мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен поэзия патшасы Ф.Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуына орай, 6 сынып оқушыларының арасында «Өлең, мен сені аялап өтемін!» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Байқауға 12 оқушы қатысып, «поэзия әлемінде» өз бақтарын сынады.
Мақсаты: Поэзия патшайымы Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты қоғам қайраткері Ф.Оңғарс...
«Тәуелсіздік тағылымы» атты кітап көрмесі
Category:
Date: 2019-12-25 14:08:44
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесіне орай мектеп кітапханасында «Тәуелсіздік тағылымы» атты кітап көрмесі қойылды.
Көрменің мақсаты – егемен ел ретіндегі мемлекеттік, қоғамдық, саяси және рухани маңызы бар сәттер мен оқиғаларды келер ұрпаққа шежіре түрінде қалдыру.
9 сынып оқушылары арасында «Сәкен жырдың сарқылмас дариясы» атты оқырмандар конференциясы
Category:
Date: 2019-12-14 10:21:43
13 желтоқсан күні оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, мәдениетті, сауатты оқырмандар аудиториясын кеңейту мақсатында ЖББ №9 және №7 мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен 9 сынып оқушылары арасында «Сәкен жырдың сарқылмас дариясы» атты оқырмандар конференциясы өтті. Конференция барысында ақын, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Сейф...
Ұлы дала баласы
Category:
Date: 2019-12-11 16:44:37
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні мерекесіне орай мектеп кітапханасында «Ұлы дала баласы» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге елбасының өмірі, отбасы, еңбек жолы туралы мәліметтер, фотосуреттер және кітаптар қойылды.
Мақсаты: Елбасының балалық шағынан бастап бүгінгі күнге дейінгі өмірі мен ел жетістіктерін оқушылардың назарына ұсыну, Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен қалыптасуында Тұ...
мектеп кітапханасында «Қоғамда зорлық – зомбылыққа жол жоқ» атты көрме ұйымдастырылып, ақпараттық сағаты
Category:
Date: 2019-12-04 14:42:38
2019 жылдың 11 – 16 қараша аралығында мектеп кітапханасында «Қоғамда зорлық – зомбылыққа жол жоқ» атты көрме ұйымдастырылып, ақпараттық сағат өткізілді.
Мақсаты: зорлық – зомбылықты болдырмау, алдын алу туралы айту, көрген жағдайда хабарлау керектігі жөнінде оқушыларға айту.
“Reading time”
Category:
Date: 2019-12-04 14:40:01
Мектебімізде әр сейсенбі сайын екі аусымда да «Reading time» -жаппай кітап оқу уақыты өткізіледі. Бұл шара «100 кітап» жобасы аясында жыл бойы тұрақты өткізіліп тұрады. «Reading time» уақытына бөлінген 15 минут ішінде әркім өзі қалаған кітабын оқуына болады.