Размер шрифта:

Бiздiң жетістіктер

Құттықтаймыз!

Дәреже: Бiздiң табыс
Дата: 2021-05-11 11:56:35
Құттықтаймыз!
Қалалық қашықтықтан өткізілген "Ерліктің мәңгілік алауы" атты онлайн патриоттық әндер байқауында мектебіміздің 7 "Ә" сыныбының оқушысы Абдирбаева Мөлдір жүлделі І орынмен марапатталды.
Автор: №9 ОМ

Құттықтаймыз

Дәреже: Бiздiң табыс
Дата: 2021-05-10 12:50:40
Құттықтаймыз
1941-1946 ж. Ұлы Отан соғысы тақырыбы аясында ұйымдастырылған қазақ композиторларының әндерін орындаушы «Рухты әндер» онлайн байқауында мектебіміздің оқушысы қатысып Қашымбекова Аруна ІІ дәрежелі дипломмен марпатталды. Құттықтаймыз!
Автор: №9 ОМ

Құттықтаймыз!

Дәреже: Бiздiң табыс
Дата: 2021-05-05 10:55:02
Құттықтаймыз!
«Достық пен ынтымақтастықты дәріптеу» атты қашықтықтан өткізілген суреттер байқауына қатысып мектебіміздің 3Б сынып оқушысы Дарханқызы Аида және 5Ә сынып оқушысы Қайратұлы Абдухаким жүлделі І орынмен марапатталды.
Автор: №9 ОМ

Құттықтаймыз!

Дәреже: Бiздiң табыс
Дата: 2021-04-27 13:30:29
Құттықтаймыз!
Қарағанды облысы білім басқармасының іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде және жас таланттарды іздеу, ғылыми-техникалық шығармашылықты қолдау және оқушылар арасында робототехниканы танымал ету мақсатында 2021 жылғы 26 сәуірде Оқушылар сарайында Робототехника бойынша "KZ - 30: "Тәуелсіздік-баға жетпес байлық"фестиваліне мектебіміздің оқушылары қатысып жүлделі ІІ орын "Junior" командасы марпа...
Автор: №9 ОМ

"Қайырымды істер марафоны"

Дәреже: Бiздiң табыс
Дата: 2021-04-22 14:47:31
30 игі іс "Қайырымды істер марафоны" жобасы аясында мектебіміздің оқушылары қалалық "Ана сөзінің қазынасы"атты мәнерлеп оқу байқауынан қатысып жүлделі I,IIІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!#МАРАФОНДОБРЫХДЕЛ, #ҚАЙЫРЫМДЫІСТЕРМАРАФОНЫ#
Автор: №9 ОМ

Құттықтаймыз

Дәреже: Бiздiң табыс
Дата: 2021-04-21 17:23:25
Құттықтаймыз
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай қала мектептерінің ізденіс топтары арасында ұйымдастырылған еліміздің, өлкеміздің тарихын зерттеуге, іздестіру жұмысын дағдыландыруға бағытталған «Жас шежіреші-2021» қалалық байқауынан мектебіміздің оқушылары қатысып жүлделі ІІІ орынмен мараптталды.
Автор: №9 ОМ

Құттықтаймыз!

Дәреже: Бiздiң табыс
Дата: 2021-04-15 09:10:53
Құттықтаймыз!
2021 жылдың 26 наурыз күні Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен «Сарыарқа саңлағы» облыстық жастар жобасы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 – жылдығына орай қалалық дебат турнири өткізілді. Турнирге мектебіміздің оқушыларынан құралған команда қатысып жүлделі ІІІ орын мен «Ұшқын» тобы мараптталды.
Автор: №9 ОМ

Құттықтаймыз!

Дәреже: Бiздiң табыс
Дата: 2021-04-15 09:06:27
Құттықтаймыз!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және ҚазССР еңбек сіңірген жаттықтырушысы,КСРО спорт шебері Кеңес Омаровты еске алуға арналған бокстан жастар арасындағы халықаралық турнирде 64 кг салмақ дәрежесінде І орынмен Тайтолеуов Бек марпатталды.
Автор: №9 ОМ

Құттықтаймыз

Дәреже: Бiздiң табыс
Дата: 2021-04-13 13:20:31
Құттықтаймыз
12- сәуір -Халықаралық авиациялық және ғарышкерлер күніне орай "Ғарышты бағындырған-Қазақстан" атты қашықтықтан өткен шығармашылық байқауда мектебіміздің оқушылары жүлделі I,II,III орындарға ие болды
Автор: №9 ОМ

Ақпарат

Дәреже: Бiздiң табыс
Дата: 2021-04-10 09:35:02
Ақпарат
08.04.2021 ж қалалық оқу бөлімінің ұйымдастыруымен Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына орай оқушылардың ақпараттылық сауаттылығын арттыру мақсатында «Web-мастер» облыстық жобасын іске асыруда бейнекамерамен жұмыс істеуде практикалық сайысын өткізілді. Сайысқа мектебіміздің 8 «ә» сынып оқушылары Алпысбаева Аяна мен Кенжехан Олжас қатысып, өздерінің ақпараттық шеберліктерін көрсете отырып, жүлделі 3...
Автор: №9 ОМ

Құттықтаймыз

Дәреже: Бiздiң табыс
Дата: 2021-04-08 15:56:43
Құттықтаймыз
Қазақ даласының батыры Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерей тойына орай ұйымдастырылған презентация байқауында мектебіміздің оқушылары жүлделі І,ІІ,ІІІ орындарымен марапатталды.Құттықтаймыз!
Автор: №9 ОМ

Құттықтаймыз!

Дәреже: Бiздiң табыс
Дата: 2021-04-06 15:26:20
Құттықтаймыз!
2021 жылдың 29 наурыз айы мен 01 сәуір айы аралығында Оқушылар сарайының  ұйымдастыруымен  қашықтықтан  «Қазақтың тарихи батырлары» атты анимациялық бейнеролик  байқауына мектебіміздің оқушылары қатысып жүлделі І,ІІ орындармен марпатталды.
Автор: №9 ОМ

бiрiншiсi 1 11 12 13 14 15 соңғысы