"Балбөбек" шағын орталығының іс-шаралары

Ашық сабақ

Дәреже: "Балбөбек" шағын орталығының іс-шаралары
Дата: 2016-04-02 06:44:45
Ашық сабақ
Тақырыбы: Заттың санын цифрмен сәйкестендіру. Математикалық жұмбақтар. Алыс жақын. Баланың зейінін дамыту. Мақсаты: Білімділік:  цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету, математикалық жұмбақтарды шешуге үйрету. Дамытушылық: Баланың зейінін дамыту. Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.   
Автор: №7 МГ

Армысың әз Наурыз!

Дәреже: "Балбөбек" шағын орталығының іс-шаралары
Дата: 2016-03-26 05:01:11
Армысың әз Наурыз!
Мақсаты: - Наурыз мейрамының қазақтың жаңа жылы екендігін түсіндіру, наурыз туралы мағлұмат беру; - балаларды халқымыздың дәстүріне, ұлағатты сөздерінің мәніне қарай жақсылық пен ақ ниетке толы бабалар жолын жалғастыруға баулу; - балаларды елін, Отанын сүюге, жерін қорғауға, қазақтың ұлттық тағамдарын құрметтеуге тәрбиелеу.   
Автор: №7 МГ

Мектепалды даярлық тобының "Жігіт сұлтаны"

Дәреже: "Балбөбек" шағын орталығының іс-шаралары
Дата: 2016-03-26 04:43:48
Мектепалды даярлық тобының
Бас жүлде 1 топ - Мәни Мерей 1 орын 1 топ Жамель Ерасыл және 7 топ Абубакир Бекболат 2 орын 6 топ Айткали Сырым және 2 топ Ардақты Жәнібек 3 орын 3 топ Сейдолла Нұржігіт және 5 топ Алтай Сабыр иеленді.   
Автор: №7 МГ

"Балбөбек" шағын орталық аруы

Дәреже: "Балбөбек" шағын орталығының іс-шаралары
Дата: 2016-03-26 04:28:09
"Балбөбек" шағын орталығында өтілген қыз сыны 3 номинациямен және 1 бас жүлдемен марапатталды. Олар: "Балапан" тобынан Джоламанова Анель - "Сүйкімді ару", Райымкул Айару - "Өнерлі ару" және "Айгөлек" тобынан Нұрғали Ақниет - "Қылықты ару" номинацияларымен марапатталды. Ал "Балбөбек" шағын орталығынан Саматова Анель бас жүлдені...
Автор: №7 МГ

«Ана өмірдің гүлі»

Дәреже: "Балбөбек" шағын орталығының іс-шаралары
Дата: 2016-03-05 03:53:54
«Ана өмірдің гүлі»
Біздің «Балбөбек" шағын-орталығында 8-Наурызға арналған «Ана өмірдің гүлі» атты мерекелік кеші өтті. Мерекелік кеште біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз тақпақтары мен әндерін және билерімен өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар ата аналармен ойындар жүргізілді. Біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз аналарына арнап жасаған сыйлықтарын таратты.  
Автор: №7 МГ

Қыс қызығы

Дәреже: "Балбөбек" шағын орталығының іс-шаралары
Дата: 2016-02-25 09:46:39
Қыс қызығы
Жақында шағын орталықта қыс қызығы өтті. Балалар мен далаға шығып ағаштарды әр түрлі боялған мұздармен безендірдік. Қыс қызығын өткізе отырып балалар тақпақтарын айтты, сонымен қоса түрлі ойындар ойнатылды. Балаларға өте қызықты болды.
Автор: №7 МГ

“Жасыл шырша жанында”

Дәреже: "Балбөбек" шағын орталығының іс-шаралары
Дата: 2016-02-25 09:40:55
“Жасыл шырша жанында”
Жаңа жыл мерекесіне орай біздің шағын орталықта “Жасыл шырша жанында” атты мерекелік  ертеңгілігіміз өтті. Бұл мерекелікке  “Дисней“ мультфилімдер елінен қонаққа Патрик, Спанч боб, панда, сонымен қатар  ескі жылымыз қой, келер жылымыз мешін де келді. Балаларымыздың көптен күтіп жүрген Аяз атамыз бен Ақшақарымыз да келді.
Автор: №7 МГ

Тәуелсіз менің мәңгі тұғырым

Дәреже: "Балбөбек" шағын орталығының іс-шаралары
Дата: 2016-02-25 09:35:11
Тәуелсіз менің мәңгі тұғырым
Тәуелсіздік куніне орай  біздің  шағын орталықта “Тәуелсіз менің мәңгі тұғырым” атты тақырыпта ертеңгілік өтті. Сонымен қатар елбасы күнінде атап өткіздік.
Автор: №7 МГ

"Үздік тәрбиеші" сайысы

Дәреже: "Балбөбек" шағын орталығының іс-шаралары
Дата: 2015-12-02 03:49:46
Жас мамандарды қызметке бейімдей отырып, кәсіби біліктіліктерін арттыру, шығармашылық қабілетін жетілдіру.Теория мен тәжірбиені ұштастыра отырып, кәсіптік құзіреттіліктерін нығайту.Ұжымдық қарым-қатынасқа психологиялық бейімдеу, өзара тәжірбие алмасу.
Автор: №7 МГ

"Алтын күз ертеңгілігі"

Дәреже: "Балбөбек" шағын орталығының іс-шаралары
Дата: 2015-11-28 03:32:52
30 қазан 2015 жылы "Алтын күз ертеңгілігі" атты іс-шара өтті. Бұл іс-шараның мақсаты күз мезгілінің қыр- сырын жете меңгере білу. Оның өзгерістерімен таныстыру,  әсемдікке баулу.  Күзгі еңбек және табиғатты сүю,қорғау. Ата- ана мен шағын орталық  арасында қатынасты орнату.
Автор: №7 МГ

бiрiншiсi 1 2 3 4 кел. соңғысы соңғысы