Размер шрифта:

Дәреже: Все

Михаил Русаков атындағы санаторлық мектеп-интернатының 2020-2021 оқу жылына арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны» іске асыру бойынша жүргізілген жұмыстары туралы ақпарат

Михаил Русаков атындағы санаторлық мектеп-интернатының 2020-2021 оқу жылына арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны» іске асыру бойынша жүргізілген жұмыстары туралы ақпарат

2021-09-16 17:34:04

Скачать Смотреть

«Мейрімділікті табиғаттан үйренеміз!»

Табиғат – адамзат өмір сүріп жатқан орта, ортақ үй, ортақ мекен. Адам мен табиғат – егіз ұғым. 13 қыркүйек күні «Мейрімділікті табиғаттан үйренеміз!» айдарында 2-9 сынып оқушылары арасында сауалнама жұмыстары жүргізілді. Оқушылардың 77 % өздерін «жас эколог» ретінде сезінетіндерін жеткізді. Сауалнамадан басқа, мектеп оқушыларына экобокс жәшіктері жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

2021-09-15 18:10:32

Скачать Смотреть

Экосаябаққа саяхат...

Жаңа оқу жылы басталып, оқушылар мектепке келді. Оларды мектепте білім нәрін себетін аяулы ұстаздарымен бірге экосаябақ та қарсы алды. Жас экологтардың көкейінде «неге, қайдан?» деген көптеген сұрақтар болды. Табиғатты қорғай, аялай білетін әрбір жеткіншек «Табиғат-Анаға» ешқашан зиян келтірмек емес. Олар өсімдік әлеміне қамқорлық жасап, өскенде мектеп ауласын жақсартуға өз үлестерін қосатын болады.

2021-09-11 13:57:53

Скачать

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

РҚАО-ның ескертпесі! Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 27-баптан қараңыз. Қолданушылар назарына! Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін РҚАО мазмұнды жасады.

2021-09-10 15:31:19

Скачать Смотреть

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ. ТОҚАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫНА ҮН ҚОСУ

Бүгін, 1 қыркүйек күні сағат 11:00-де ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаев халыққа кезекті жолдауын жариялады. Ауқымды мәселелерді қозғаған жолдауда ел басшысы қазіргі күнгі еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайына тоқталып, болашаққа атқарар іс-шараларды баяндап өтті.

2021-09-01 21:37:46

Скачать Смотреть

«Басшы сағаты»

27 тамыз күні 1-11 сынып ата-аналарына «Басшы сағаты» өткізілді. Жиналыс барысында мектеп басшысы П. С. Жамшыбаева «Алғашқы қоңырау мерекесінің» ұйымдастырылуы, жаңа оқу жылында оқу-тәрбие үрдісі қалай жүргізілетіндігі жайында, асхана мен жатақхананың жұмыс жасау ережелерімен таныстырып өтті. Жиналыс соңында ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

2021-08-31 13:56:22

Скачать

2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Нормативтік құжаттардың атауы және дереккөздерге сілтеме (мемлекеттік тілде)

2021-08-19 13:20:06

Скачать Смотреть

"Басшы сағаты"...

2021 жылдың 18 тамызында мектеп директоры П. Жамшыбаева ата-аналармен «Басшы сағатын» өткізді. Жиналыс барысында мектеп директоры жаңа 2021 – 2022 оқу жылының ұйымдастырылуына тоқталып өтті. Сонымен қатар, мектеп оқушыларының киім үлгісі және оқулықтармен қамтылулары жайында айта кетті. Мектеп асханасы мен жатақханасының қызметі туралы ақпарат берілді. Кездесу соңында мектеп директоры ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға толық мәліметті жауаптар қайтарды.

2021-08-18 20:12:00

Скачать

Орта білім ұйымдарында 2021-2022 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы...

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 27 шiлдедегі № 368 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 шiлдеде № 23742 болып тіркелді

2021-08-06 01:22:49

Скачать Смотреть

Мектеп экопаркінде...

Жаз ортасы. Барлық балалар мен мектеп қызметкерлері жазғы демалысқа шықты, ал біздің жасыл достарымыз әлі де гүлденіп, айналаға қуаныш сыйлайды. Мектеп асханасының алдында гүлденген жаңа гүлзарлар көздің жауын алады. «Түрлі-түстілік» жобасы барқытшөп, шырайгүл, түймедақ, канна гүлдерімен сәндендірілген. Еліміздің тәуелсіздігінің мерейтойлық күніне орай 30 саны түрінде гүлзар отырғызылды. Мектеп экопаркінде раушан көшеті гүлденіп, хош иіс беріп тұр! Дөңгелек гүлзарға әр түрлі көпжылдық өсімдіктер отырғызылған. Ал эксперименталды тұқымдармен өсірілген «Көкөніс бағы» жаңа жобасы өз жемісін бере бастады. Ыстық жаз біздің жасыл достарымызға кедергі емес, ең бастысы, оқушыларымыз аман-сау болып, күн, ауа және су болғаны.

2021-07-12 17:23:06

Скачать Смотреть

2020-2021 оқу жылының түлектерін құттықтаймыз

Құрметті оқушылар, бүгін сіздердің өмірлеріңіздегі ең қызықты сәттердің бірі де жетіп келді. Мектеппен қоштасатын, есейетін кез келді. Бүгін сіздер түлектерсіздер, сіздерің алдарыңызда барлық мүмкіндіктер, ұмтылыстар бар. Сіздер біреу үшін емес, өздеріңіз үшін дұрыс таңдау жасай алады деп сенеміз. Сіздерге батылдық, арманыңызға берік сеніп, ол үшін ащы соңына дейін күресулеріңізді тілейміз! Сіздерге барлық бастамаларыңызға сәттілік, жақындарыңыздан қолдау және барлық мақсаттарыңызға жетуге тілектеспіз! Отбасыңыздың, мектебіміздің, қаламыздың, еліміздің мақтанышы болыңыздар! Сіздерге толағай табыстар тілейміз!

2021-06-15 21:32:28

Скачать Смотреть

«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ОҚУ КАБИНЕТІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

Осы ережелер ҚР «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жылғы 25 маусымдағы №570 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен 2003 жылдың 4 тамызында келісілген «Жалпы білім беретін мекемелерде оқытуды ұйымдастыру, мазмұны және жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға», Қазақстан Республикасының «Өзін-өзі тану» пәні бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандартына сәйкес әзірленген.

2021-06-15 19:57:32

Скачать Смотреть

бiрiншiсi 1 21 22 23 24 25 61 соңғысы