Category: Все

АТА-АНА НАЗАРЫНА!

АТА-АНА НАЗАРЫНА! Қарағанды облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті өз өкілеттілігінде кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша функцияларды орындайды. Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары туралы» Заңына сәйкес әр бала денсаулығын, өмір сүруін, демалуын және бос уақытын қорғауға құқығы бар. Соңғы кездері облыста балалардың ашық терезелерден құлап кету оқиғалары тіркелуде. Бұл фактілер балаларды ата-аналарының қараусыз қалдыруының нәтижесі. Департамент біздің облысымыздағы осындай жағдайларға алаңдаулы. Осыған байланысты біз ата-аналарға жүгінеміз: - кішкентай балаларды жалғыз, қараусыз қалдырмаңыз; - бала терезеге шыға алмайтындай етіп, барлық жиһаздарды терезеден алыс орналастырыңыз; - москит торларын қауіпсіз деп санамаңыз! Олар құлаудан қорғауға арналмаған; - балаға терезені бірнеше сантиметрге ғана ашуға мүмкіндік беретін арнайы фиксатор салыңыз; - терезелерге немесе терезе саңылауларына торлар қойыңыз; - терезе ашық болғанда балалардың іс-әрекеттері жөнінде балалармен әңгімелесулер жүргізіңіз; - егер бекіту құрылғысын немесе торды орнатуға мүмкін болмаса, қажеттілігіне қарай, терезе тұтқасын бұрап алыңыз.

2022-04-20 15:15:15

To download To watch

«Сыбайлас жемқорлықсыз бақытты балалық шақ» қалалық бейнеролик байқауы...

2022 жылдың 1 - 7 сәуір аралығында Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықсыз бақытты балалық шақ» қалалық бейнеролик байқауына оқушыларымыз қатысып, III дәрежелі дипломмен мараппатталды. Құттықтаймыз!

2022-04-18 00:20:08

To download To watch

"Құстар мен табиғат" атты плакаттар сайысы өткізілді...

2022 жылдың 5-7 сәуір аралығында оқушылар сарайында "Құстар мен табиғат" атты плакаттар сайысы өткізілді. Біздің мектеп оқушылары қатысып дипломмен марапатталды. 1 орын - Тоқабаев Батырхан, 8 «А» сынып; 2 орын - Омарбай Асылжан, 2 «А» сынып; 3 орын - Серғазы Сабина, 7 «А» сынып.

2022-04-14 16:44:27

To download To watch

2022 жылдың 13 сәуір күні мектебімізде 11 сынып мектеп бітірушілері, ата-аналары және пән мұғалімдерімен бірлескен жиналыс өтті...

2022 жылдың 13 сәуір күні мектебімізде 11 сынып мектеп бітірушілері, ата-аналары және пән мұғалімдерімен бірлескен жиналыс өтті. Мақсаты: оқушылардың ҰБТ-ге дайындық нәтижелері, мемлекеттік қорытынды аттестатаудан өткізу ережелерімен таныстыру. Жиналыста директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М. Сахариева ҰТБ-ге дайындық барысында жыл бойы алынған сынама тест қорытындыларына талдау жасап өтті. Сонымен қатар білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізудің тәртібі жайлы толық түсіндіріп, ақпарат берді.

2022-04-14 16:24:24

To download

Аттестациядан өтетін педагогтермен отырыс өтті...

2022 жылдың 8 сәуірінде мектебімізде аттестациядан өтетін педагогтермен отырыс өтті. Отырыс барысында педагогтерге ұлттық біліктілік тестілеу бойынша ақпарат берілді. Аттестациядан өтетін педагогтер аттестацияның ережесімен таныстырылып, «Білімал. ПедАтт» жүйесіндегі педагог қызметкерлерге арналған нұсқаулықпен танысты.

2022-04-11 17:27:19

To download

«Мен өз қаламды сүйемін» атты акциясы өтті...

«Біз сенбілікке шығамыз!», «Бізге қосыл! ұранымен 9 сәуір күні Балқаш қаласының 85 жылдығын атап өту аясында «Мен өз қаламды сүйемін» атты акциясы өтті. Акция аясында мектеп ұжымы сенбілікке қатысты. Барлық ұжым бірауыздан мектеп ауласын қоқыстан тазарту, арам шөптерді жұлу, гүлзарларды ретке келтіру, арықтар қазу, ағаштарды әктеу сияқты жұмыстар жүргізді. Бірлескен күш-жігердің арқасында бір-екі сағаттың ішінде мектеп ауласы өзгеріп, жаңарды. Сенбілікке қатысу – еңбек ұжымдарын жақындастыра түсетін, қоршаған ортаға қамқорлық жасауға, пайдалы жұмыс істеуге мүмкіндік беретін игі дәстүр. Біз бірлесе отырып қаламызды таза әрі жайлы етеміз! Біз өз қаламызды жақсы көреміз! https://www.facebook.com/100026234298594/videos/572328530519406/

2022-04-10 20:51:59

To download To watch

Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері туралы буклет таратылды...

2022 жылдың 8-ші сәуір күні оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру, оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түрлі өмірлік жағдайларда өз мүмкіндіктерін жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту мақсатында «Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері» тақырыбында оқушыларға буклеттер таратылды.

2022-04-08 18:01:17

To download To watch

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі

Әрбір ата-ана бала отбасында пайда болған кезде әртүрлі тәжірибелер мен сұрақтарға тап болады. Әрине, ата-ана оның өмірінде басты орынды алады және оның дамуына маңызды рөл атқарады. Ата-аналар балалары үшін дұрыс және тиімді қарым-қатынас және тәрбие әдістерін таңдауы керек. Күшті де бақытты отбасының негізі – кешіре білу, қарым-қатынаста адалдық, өзара сыйластық пен сүйіспеншілік сияқты факторлар.

2022-04-06 12:34:22

To download To watch

Ата-аналар назарына!

Ауа райының күрт жылынуына байланысты қардың еруі үдей түсуде /жадынама/

2022-04-06 12:23:42

To download

Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығы

2022-04-05 17:21:31

To download To watch

Мектеп ауласын абаттандыру...

31 наурыз күні мектептің «Жасыл Отан» экоклубының жұмыс жоспарына сәйкес мектеп ауласын абаттандыру, гүлзарларды жөндеу және жылыжайда гүл өсімдіктерін тұқым арқылы өсіру жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында мектеп педагогтері аулаға сенбілік жасап, тазалық жұмыстарын жасады.

2022-04-05 16:44:04

To download

2021-2022 оқу жылының 3 тоқсанындағы оқушылардың білім сапасы

2021-2022 оқу жылының 3 тоқсанындағы оқушылардың білім сапасы

2022-04-05 16:35:07

To download

First 1 11 12 13 14 15 61 Last