Размер шрифта:

«Адал ұрпақ» мектеп клубы

Дәреже: «Адал ұрпақ» мектеп клубы

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында видеопрезентациялар байқауы ұйымдастырылып өткізілді...

2023 жылдың 13-17 ақпан аралығында 9-10 сыныптар арасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында видеопрезентациялар байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Байқаудың барлық шарттарын дұрыс орындаған сыныптардың жұмыстарына лайықты орындар берілді. Атап айтсақ: І орын – 9 Ә сынып; ІІ орын – 9 А сынып.

2023-02-21 11:26:12

Скачать Смотреть

«Cыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - ортақ міндет» атты суреттер байқауы өткізілді...

2022 жылдың 5-12 желтоқсан аралығында жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған «Cыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - ортақ міндет» атты суреттер байқауы өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты - жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру және насихаттау. Оқушылар осы тақырыпты ашуда белсенділік танытты.

2022-12-12 16:35:40

Скачать

Мектеп инспекторы А. Қ. Қасымжанова 9-сынып оқушыларымен «Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ» тақырыбында әңгіме өткізді...

11 қараша күні мектеп инспекторы А. Қ. Қасымжанова 9-сынып оқушыларымен «Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ» тақырыбында әңгіме өткізді. Мақсаты: адамзат қоғамының өмірін реттейтін ережелермен таныстыру; оқушылардың мәдениеті мен тұлғааралық қарым-қатынасын қалыптастыру. Міндеттері: мектепте, көлікте, кеште, кітапханада өзін-өзі ұстау туралы білімдерін жүйелеу; өз ісіне жауапкершілік, заңды құрметтеу сезімін тәрбиелеу; әдептілікке баулу. Оқушылар ақпарат алып, сұрақтарын қойды.

2022-11-11 17:20:47

Скачать Смотреть

Облыстық ақпараттық керуені сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша насихат семинарын өткізді...

7 қазан күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында облыстық ақпараттық керуені мектебімізге келіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша насихат семинарын өткізді. Семинарға ата-аналар, мұғалімдер және жоғарғы сынып оқушылары қатысты. «Сарыарқа адалдық алаңы» жобалық кеңесінің эксперті Аукенов Нұртай Алпысұлы семинар барысында жемқорлыққа байланысты деректі фильмдер көрсетіп, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеудің маңыздылығы туралы айтты. Семинарға қатысушылар көптеген ақпараттар алып, өз сұрақтарына жауап алды.

2022-10-09 23:58:07

Скачать Смотреть

Ұстаздар күніне орай «Гүлдің орнына қолдан әзірленген қабырға газеті, сыйлықтың орнына қағаздан жасалған гүлдер» акциясы ұйымдастырылды...

«Михаил Русаков атындағы мектеп-интернатының Парламент ұйымының мүшелерінің қатысуымен ұстаздар күніне орай «Гүлдің орнына қолдан әзірленген қабырға газеті, сыйлықтың орнына қағаздан жасалған гүлдер» акциясы ұйымдастырылды.

2022-09-27 17:10:42

Скачать Смотреть

“Адалдық алаңы”…

16 қыркүйек күні Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес жобаларының аясында мектебімізде оқу жылынан бастап мектептің 1- қабатында өз-өзіне қызмет көрсету жүйесіне негізделген «Адалдық алаңы» сатушысы жоқ дүкені ашылды. Жобаның басты мақсаты – оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары сана мен мәдениетті дамытып, өздерін жақсы, адал адам ретінде тануға мүмкіндік беру. Мұнда мұғалімдер мен оқушылар өздеріне қажетті тауарларды алып, алған тауардың ақшасын кассалық жәшікке қалдырып, қайтарымын алады. Осылайша, ешбір қадағалаушысы жоқ дүкеннен қажетті затын сатып алған оқушы қулыққа немесе қиянатқа жол бермей, өзін адалдыққа және әділдікке тәрбиелей алады.

2022-09-16 13:43:34

Скачать Смотреть

"Адал ұрпақ" клубының 20222-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспары

Мақсаттары мен міндеттері: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет; Мөлдір және ашық оқу орны; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді ендіру арқылы оқу сапасын арттыру; Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама; Ақпараттық қолдау; Білім саласының барлық субъектісінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығын көтеру; Білім саласы субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын өсіру; Оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жетекшілеріне айналдыру. Клуб қызметінің принциптері Еріктілік; Жариялық және ашықтық; Клуб мүшелерінің құқықтық мәдениеті; Клуб өмірін ұжымдық түрде ұйымдастыру; Клубтың әр мүшесінің қызығушылығын, арын және пікірін құрметтеу; Әлеуметтік. Қоғамдық-пайдалы маңыздылық; «Адал ұрпақ» және «Саналы ұрпақ» еріктілер клубының рәміздері

2022-09-07 11:17:04

Скачать Смотреть

«Сыбайлас жемқорлықсыз бақытты балалық шақ» қалалық бейнеролик байқауы...

2022 жылдың 1 - 7 сәуір аралығында Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықсыз бақытты балалық шақ» қалалық бейнеролик байқауына оқушыларымыз қатысып, III дәрежелі дипломмен мараппатталды. Құттықтаймыз!

2022-04-18 00:20:08

Скачать Смотреть

«Гүлдер орнына - ашықхат, сый орнына - бұйымдар»

«Гүлдер орнына - ашықхат, сый орнына - бұйымдар» осы тақырыпта «Адал ұрпақ» клубының мүшелері жетекшілері Р. А. Керимбековамен бірге 8-наурыз халықаралық мерекесіне арналған челлендж ұйымдастырды. https://www.facebook.com/100026234298594/videos/4891827427579368/

2022-03-04 17:50:50

Скачать Смотреть

«Жемқорлық – індет, жою – міндет!» тақырыбында эссе байқауы өткізілді...

Мектепішілік «Адал ұрпақ» клубының іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру, өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында қантар айының 19-24 аралығында 7-9 сынып оқушыларымен «Жемқорлық – індет, жою – міндет!» тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру, сыбайлас жемқорлық көріністерінің барлық белгілерімен күресу.

2022-01-24 16:45:27

Скачать Смотреть

"Жемқорлық –құқық бұзушылықтың картасы" атты дөңгелек үстел өткізілді...

2021 жылдың 8 желтоқсан күні «Жемқорлық –құқық бұзушылықтың картасы» атты дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шараға 9 сынып оқушылары қатысып осы тақырып бойынша өз ойларын ортаға салды. Дөңгелек үстелдің мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру. Дөңгелек үстел 2 бөлімнен тұрды. 1 бөлімде «Жемқорлық – ғасыр дерті» бейнеролигі көрсетіліп, сюжет бойынша пікірлерін ортаға салса, 2 бөлімде «Сыбайлас жемқорлық туралы не білесіз?» тәрізді сұрақтар қойылып, оқушылармен жауаптар талқыланды.

2021-12-09 17:00:55

Скачать Смотреть

Адалдық сағаты

25 қараша күні мектепте оқушылармен адалдық сағаты өткізілді. Оқушылар Қарағанды облысы бойынша «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Ержан Хамитовтың жолдауын көріп тыңдады. Ол өзі халқына қалай адал қызмет ететіні жайлы және барлық жастарға халқына адал қызмет етуге шақырды. Оқушылар өздеріне өте көп керекті мәлімет алды.

2021-11-25 16:36:22

Скачать Смотреть

бiрiншiсi алдың. 1 2 3 соңғысы