Жолда жүру ережелерін білесің бе?

     11 Қыркүйек  2023 жыл «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-де 1- 4 сыныптар арасында жоспарға сәйкес «Жолда жүру ережелерін білесің бе?» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сынып сағатының мақсаты: оқушыларды жол белгілерімен, жолда жүру ережелерімен таныстыру. Жол қауіпсіздігі сақталмаған жағдайда кездесетін жарақаттар немесе түрлі жағдайлар туралы мәлімет беру. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережелерін, қауіпсіздігін білуге, есте сақтауға тәрбиелеу.

Дата: 11.09.2023, 17:49 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі