"Тәуелсіздік туралы сөз " атты электрондық презентациялар сайысы

06.12.2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында 7-8 сыныптар арасында Джабаспаева Жулдыз Болатбековнаның  ұйымдастыруымен "Тәуелсіздік туралы сөз " атты электрондық презентациялар сайысы өтті. Мақсаты: Өскелең ұрпақтың адамгершілік-патриоттық, азаматтық жауапкершілік сезімдерін ояту, жас ұрпақты Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, оқушыларды  жалпыазаматтық құндылықтарға және мәдениетке тарту, сондай-ақ шығармашылығын дамытуға және көпшілікке насихаттауға ықпал ету. Сайыс нәтижесінде І орынмен 8 Б сынып оқушысы Есиркепова Балшекер,  ІІ орынмен 7 Ә сынып оқушысы Қабдығали Гүлшат,  ІІІ орынмен 7 Б сынып оқушысы Қайратқызы Нұрай марапатталды.  Қатысушыларға диплом,  ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Дата: 20.12.2021, 10:22 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі