Қағазбеков Қасымжан Қағазбекұлына арналған мемориалдық тақтасының ашылу салтанаты.

Қағазбеков Қасымжан Қағазбекұлына   арналған  мемориалдық тақтасының ашылу салтанаты.
13.10.21 ж . күні мектеп-лицейіміздің ғимаратына  Кеңестер Одағының Үздік қызметкері, ҚР оқу-ағарту ісінің Үздік қызметкері, «Қазақстан Республикасының Білім үздігі»,  «Ы.Алтынсарин» белгісінің иегері, Балқаш қаласының құрметті азаматы  Қағазбеков Қасымжан Қағазбекұлына   арналған  мемориалдық тақтасының ашылу салтанатты жиыны өтті. Жиынға Ағаймен бірге бітесіп, мектеп өміріне өз үлестерін қалдырған ардагер ұстаздарымыз, жұбайы, ардагер ұстазымыз Қағазбекова Зейнел Смағұлқызы,  өмірдегі туыстары мен шәкірттері қатысты. 
     Қасымжан Қағазбекұлының мемориалдық тақтасының ашылу салтанатының  алғашқы құттықтау сөздері мектеп-лицейміздің директоры Рахимберлина Қ.Т.,  Балқаш білім беру бөлімінің әдіскері Айнабекова К.К., мектеп-лицейдің ардагер  ұстаздары, ҚР «Білім  беру» ісінің  үздігі, Ы.Алтынсарин» белгісінің иегері Дарибекова Г.Д., «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» Сыздықова Ш.Р., ҚР мұғалім методисі, ҚР оқу ісінің үздігі Мейрамғазы Б.Б. берілді. Соңынан Ағайдың тақтасын қалалық қазақ тілі қоғамының төрағасы, қалалық онамастикалық комиссия мүшесі, «Тілдер орталығының директор орынбасары» Жарылғап М.С. және  Қағазбеков Қасымжан Қағазбекұлының жұбайы, осы мектептің ардагер ұстазы Қағазбекова З.И. ашты.  
       Ескерткіш тақтасына мектеп-лицейіміздің ұлағатты ұстазы,   «Қазақстан Республикасы білім саласының Құрметті қызметкері» төсбелгісінің  иегері, химия пәнінің жоғары санатты мұғалімі Мұқамеди Р.С. және физика пәні бойынша олимпиада жеңімпазы, Қағазбеков атыдағы атаулы сыйақы иегері Тілеубек А. гүл шоқтарын қойды. 
Жиын соңында естелік суретке түсті.
Дата: 14.10.2021, 11:52 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі