«Python программалау тілі» атты семинар

«Python программалау тілі» атты семинар

Облыстық «Зейін» жобасы «Цифрлық әлем» атты ақпараттық сауаттылық апталығы аясында 2 ақпан күні информатика пәні мұғалімі Джабаспаева Ж.Б ұйымдастыруымен «Python программалау тілі»  атты 9 сыныптарда семинар өтті.  Семинар мақсаты: Python программалау тілімен танысу, программалау қарапайым және тиімді жұмыс жасау жолдарын көрсету және практика жүзінде жүзеге асыру. Семинар барысында көптеген есептерге мысал келтіріліп, оқушыларға  Python программалау тілін қашықтықтан оқытуға арналған платформалар көрсетілді. 9 А сынып оқушысы Жумабек Әділет өз шығармашылығымен бөлісті. Python программалау ортасында өзі жасаған  2 D ойындарын жасалу жолдарын көрсетіп, нәтижесімен бөлісті.  Семинар соңында оқушылардан кері байланыс алынды.

Дата: 2.02.2021, 17:36 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі