"Зейін"жобасы аясында "Математикалық сауаттылық" апталығы

"Айналамыздағы математика" атты облыстық математикалық сауаттылық апталығының жоспарына сәйкес және "Өнегелі өмір"жобасы аясында, Балқаш қаласы Абай атындағы 2 мектеп -лицейінде "Мен таңдаған мамандықтағы математика" тақырыбында 10-11 сынып оқушыларының қатсуымен  онлайн кездесу ұйымдастырылды.Кездесуге  лицейдің 2015-2019 жылдары аяқтаған, алтын белгі иегерлері,қазыргі таңда эконмиканың әр саласында қызмет жасап жатқан жас мамандар Қайдар Б.Марксова Ж.Өмірсерік Н.сонымен бірге үздік грант иегерлері студенттер Рамазанов Д.Мұрат Н және 
КарМУ нің математикалық талдау және диференциялдық теңдеулер кафедрасының аға оқытушысы Танин О.А . лицейдің математика пәні мұғалімі Ы.Алтынсарин төс белгісінің иегері,тәжірибелі ұстаз Алибиева А.Б.шақырылды.Кездесуде 10-11 сынып оқушылары математикалық сауаттылық пәнінен көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып,мазмұнды жауап алды.Танин О.А оқушылармен қызықты да күрделі есептер шығару жолдарын көрсетті. ЖОО ның оқытушысымен ұйымдастырылған кездесу лицей түлектерінің болашағына жарқын жол ашарлық ой салды.Кездесуді ДБІЖ орынбасары Шармухаметова Ж.А жүргізді.
Дата: 31.01.2021, 13:04 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі