«Түнгі қаладағы жасөспірім» рейдінің өтуі туралы ақпар.

«Түнгі қаладағы жасөспірім» рейдінің өтуі туралы ақпар.

Пандемия кезінде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, бақылау, айқындау (балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, сабақты жиі  босататын, қыдырымпаз, қараусыз, жағдайлары төмен отбасылардағы балаларды), сонымен қатар лицейге бөлінген мөлтек ауданның шекарасында Қазақстан Республикасның әкімшілік құқықтық кодексінің 442 бабы 2 тармақшасына сәйкес кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 22:00 ден кейін жүрулерін қадағалау мақсатында 2020 жылдың 11 желтоқсан күні кешкі сағат 22.00-23.30 аралығында «Түнгі қаладағы жасөспірім»  рейдтік іс-шарасы өткізілді. Аталмыш іс-шараға лицей ұжымынан келісім бойынша 4  адам және лицей инспекторы қатысты.

1.Дене шынықтыру пәні мұғалімі  -  Ж.Адамбай

2.Психолог – А.Толетаева

3.9 «Ә» сынып жетекшісі –   Ж.Рахимова

4.6 «В»сынып жетекшісі-Қ.Аманжол

5.Лицей инспекторы –А.А. Нұрбек  (келісім бойынша)

   Рейдтік шара барысында 8 Март, Абай, Гоголя, Әлімжанов, Жамбыл, Жезқазған, Тоқтамысова, Бөкейханова көшелері, Сванқұлов орамы, Ағыбай батыр маңындағы барлық кафе, дүкендер, ойын-сауық орындары, бос қалдырылған ғимараттар тексеріліп, нәтижесінде кәмелетке толмағандардың түнгі жүріс фактілері анықталған жоқ. Кешкі сағат 22.00 – ден кейін мектеп оқушыларының    жүрмейтіні анықталды. Ойын-сауық орындары пандемия кезінде кешкі сағат 22.00 – ден жабық тұратындары анықталды. Кафе, дүкендер иелеріне кәмелетке толмағандардың құқықтарына қатысты әкімшілік және қылмыстық құқықтарының нормалары түсіндірілді.

Директор                                         К.Т.Рахимберлина

Дата: 15.12.2020, 16:14 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі