«Қауіпсіз мектеп ортасы»

«Қауіпсіз мектеп ортасы»

2020 жылғы 10-шы тамыздан 25-ші қыркүйек аралығында «Қауіпсіз мектеп ортасы» республакалық ациясы өтті. Акция аясында білім ұйымы қашықтықтан оқуға қажетті барлық құралдармен қамтамасыз етілді. Лицей ғимараты санитарлық-эпидемиологиялық талаптар бойынша жабдықталды. Лицей оқушыларымен көшеде, жолда, мектепте, балабақшада, үйде, сондай-ақ бейтаныс адамдармен қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіру бойынша қауіпсіздік сабақтары, конкурстар өткізілді. Оқушылардан кері байланыс алу мақсатында «Біз біргеміз, сақтандырамыз, орындаймыз!»  ұйымдастырылды. «Қауіпсіз балалық шақ» суреттер конкурсы, «Жасөспірім», «Заң және сен, менің құқықтарым»,  «Дені сауды-жаны сау» атты рубрикалар, «Денсаулық-зор балық» спорттық ойындар,  «Кибербуллингтен қорғану жолдары» бойынша оқушылармен онлайн кездеулер,  балалардың қауіпсіздігін ұйымдастыру, балаларға қатысты зорлық-зомбылық алдын-алу мәселелері бойынша ата-аналар жиналыстары, қауіпсіз орта бойынша сынып сағаттары  өткізілді.

Дата: 8.10.2020, 14:33 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі