Мен әдемі жазамын

   Мен әдемі жазамын

      17 қыркүйек күні лицейде қазақ тілі апталығы жоспарына сай сыныптар арасында «Мен әдемі жазамын»  тақырыбында каллиграфиялық сайыс өтті. Бастауыш  сынып оқушыларының көркем әрі сауатты  жазуын дамытуға бағытталған іс-шараны бастауыш  сынып мұғалімі Г.А. Смахова ұйымдастырды. Арнайы берілген тақырып бойынша оқушылар диктант жазып, тапсырма орындады.

Дата: 23.09.2020, 11:52 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі