Қызықты грамматика

 Қызықты  грамматика

      16 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиетінің онлайн апталығы аясында сыныптарда «Қызықты  грамматика»  атты онлайн конкурс жүргізілді. Конкурсқа  5 сынып оқушылары қатысты. Қазақ тілінің фонетика, морфология бөлімдері бойынша құрастырылған тапсырманы  оқушылар қызығушылықпен орындап, берілген сілтеме арқылы жіберіп отырды. Онлайн өткен конкурс қорытындысы бойынша 5Б сынып оқушылары А. Сейдығали, К.Есебек, А. Жақсылық  жүлделі орындарды жеңіп алды. Іс - шараны ұйымдастырып, өткізген қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі - Г.Қ Қуанышбекова.

 

 

Дата: 23.09.2020, 11:51 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі