Педагогтардың қалалық онлайн тамыз конференциясы

     Педагогтардың   қалалық  онлайн тамыз конференциясы

   28.08 күні ZOOM платформасында қалалық тамыз конференциясының жаратылыстану пәндері және бастауыш сынып мұғалімдерінің секциялық жұмысы  өтті. Лицейдегі  география пәні мұғалімі  А.М. Тускеева  «География сабағында практикалық жұмыстарды орындауда СБР қолдану» және бастауыш сынып мұғалімдері - А.А. Мусатаева «Бастауыш сынып оқушыларының дарындылығын дамытуда STEM білім берудің тиімділігі», М.Ж. Абдыкарина  «Қашықтықтан оқыту барысында «Зерек» әлеуметтік жобасы арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру» тақырыптарында өздерінің шығармашылық тәжірибелерімен бөлісті.

Дата: 4.09.2020, 9:34 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі