Қашықтан оқытуды үйренемін...

       25.08-26.08 күндері лицей мұғалімдері жаңа  2020-2021 оқу жылына дайындық аясында  республика көлемінде өткізіліп жатқан білімді  диогностикалау бағытында сабақ өткізуді бастады. Бұл дайындық сабақтары қашықтан оқу форматында оқу процесі, интернет платформаларды пайдаланумен ұйымдастырылды. Білімал. Электронды мектеп - жүйесіндегі  жаңа платформамен  2-11 сыныптарда сабақтар жүргізілді. Жалпы 144 сабақ өткізілді, лицей мұғалімдері қашықтан оқыту платформасының  барлық функцияларымен жұмыс жасап, оқу тапсырмалары арқылы білім алушылардың біліміне диогностика жүргізуге жаттықты. Лицей мұғалімдеріне информатика пәні мұғалімдері - А.А. Аманжол, Л.К. Байжуманова,   Ж.Б. Джабаспаевалар  бағыт берді. Білімді диогностикалау және өткен материалды қайталау сабағы,  мұғалімдердің қашықтан оқытудағы интернет платформаларында жұмыс жасау шеберліктерін шыңдады.

Дата: 4.09.2020, 9:21 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі