Қашықтан оқытуды ұйымдастыру

     20.08-26.08 күндері  жаңа  2020-2021 оқу жылында алғаш мектепке  келетін оқушылар үшін лицейдің  1-ші  сынып мұғалімдері  онлайн  даярлық курстарын  өткізді. Мақсаты: сыныпқа баратын балалардың бастапқы мүмкіндіктерін теңестіру болып табылады. Қашықтан оқытуды ұйымдастыруда  «Сауат ашу негіздері», «Қолды жазуға дайындау», «Математика негіздері», «Сөйлеуді дамыту» бойынша сабақтар жүргізілді. ZOOM, Skype  платформаларын пайдалана отырып сынып мұғалімдері ата-аналармен және балалармен тікелей байланысқа шығып, түрлі дамыту тапсырмаларын орындап, жаттығу жасады.

Дата: 4.09.2020, 9:14 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі