21.08.2020 күні өткен сынып сағаттары

21.08.2020 күні өткен сынып сағаттары

Абай   атындағы  №2 лицейде 21.08.20.  күні  сынып    жетекшілерінің  ұйымдастыруымен   сынып  сағаттары  онлайн  режимінде (ZOOM) арқылы  өткізілді.  Биылғы  жылғы    елімізде орын алған   короновирустық   инфекцияның  таралуына   байланысты   карантиндік   шараларды   сақтау, жаңа  2020-2021  оқу  жылының   ерекшелігі  туралы»    күн  тәртібіндегі   сұрақтар бойынша жүргізілді. Жаңа    оқу  жылындағы  оқу  форматтары, қашықтықтан    оқыту    процесі  жүргізілетін білім  беру   интернет   платформасымен таныстырылды. Оқытудың  штаттық  режимінде   санитарлық   талаптарды  сақтау қажеттілігі ,  білім  алушылырдың  бағалану  жүйесі туралы, «Білімал» арқылы  қалай ашып   көруге   болатындығы  туралы    түсіндірме  нұсқаулық  берілді..  Оқушы   формаларына  қойылатын  талаптар туралы,  кезекші   сыныптардың  лицейге   сабаққа  келген   кезде   оқушы   киімінің   таза ,  ұқыпты  болуына  назар   аудару   қажеттігі  айтылды.   Оқушылардың  сұрақтарына   жауап  беріліп, қашықтықтан  оқытудың  ерекшеліктеріне  тоқталды.

Дата: 21.08.2020, 11:49 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі