Республикалық ата-аналар жиналысы

Республикалық ата-аналар жиналысы

Абай   атындағы  №2 лицейде 20.08.20  күні  сынып    жетекшілерінің  ұйымдастыруымен  ата – аналар жиналысы  онлайн  режимінде (ZOOM)  өткізілді.   «Жаңа  оқу  жылында  балаларды  оқыту туралы»  Республикалық   ата – аналар  жиналысының  тұжырымдамасымен  таныстырылып,  күн  тәртібіндегі   сұрақтар бойынша   жаңа    оқу  жылындағы  оқу  форматтары, қашықтықтан    оқыту    процесі  жүргізілетін білім  беру   интернет   платформасымен таныстырылды. Оқытудың  штаттық  режимінде   санитарлық   талаптарды  сақтау,  білім  алушылырдың  бағалану  жүйесі туралы  түсіндірді. Ата  - аналардың  баланы   оқуға   ынталандыруы туралы  жан –жақты  мағлұмат  берілді.  Ата – аналарды   толғандырған   сұрақтарға  жауап  беріліп, қашықтықтан  оқытудың  ерекшеліктеріне  тоқталды.

Дата: 20.08.2020, 18:28 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі