Өзін- өзі тану апталығы

Өзін- өзі тану апталығы

Лицейде ақпан айының 10-інші жұлдызында 3«Б» сынып оқушыларымен «Мейірімділік – ғажайып өмір есігі» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Мақсаты: «Мейірімділік» және «қайырымдылық» адамгершілік ұғымдарды қалыптастыру.«Рух» сөзінің мәнін аша отырып, жақсылық пен жаманның адамның іс-әрекеті арқылы өлшенетінін, халқымыз «жақсылық» деген ұғымды адамгершілікке балағанын айта отырып,  сабақ барысында оқушылармен «Жылылық», «Жақсылық тамшылары», «Мейірімділікке адымдар» тренингі жүргізілді.  Сондай-ақ, адамгершілікке байланысты проблемалық жағдаяттарды шешу үшін саяхатқа шығу ойыны ойналды. Іс шараны 3Б  сынып мұғалімі Мусатаева А.А өткізді. 

Дата: 11.02.2020, 8:19 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі