Размер шрифта:

«Мен зерттеушімін» лицейішілік конференция

«Мен зерттеушімін» лицейішілік конференция

Конференцияның басты қағидасы:

Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі.
                                                                                              Питер Клайн.

Конференция бағыты:

      «Жас өнертапқыш», яғни қажетке жарамай қалған заттардан, материалдардан бұйым жасау кезінде оқушыларды техникалық дағдылармен қатар қоршаған ортадағы заттарды сараптау қабілеттері дамиды және құрастырған нысандары туралы жинақталған ұғым қалыптастырады және ғылыми жетекшісінің көмекшісімен ақпараттарды жинақтай біледі.

Конференция мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының өз жобаларын жұрт алдында еркін жеткізе білуге үйрету, спикерлік қабілетін дамыту.

           Конференция алдында директордың БІЖО Шармуханбетова Ж.А.    лицей оқушыларының соңғы жылдардағы облыстық, республикалық, халықаралық ғылыми жобалардағы жетістіктерін және ҚарМУ-мен бірлесіп атқарған жұмыстарды слайдпен көрсете отырып қысқаша айтып өтті. Соңынан биылғы оқу жылында физика секциясы бойынша жеңімпаз атанған 10 сынып оқушысы Райс Алуа және 11 сынып оқушысы Бекенов Аслан өздерінің ғылыми жобаларын қысқаша таныстырды.

      Конференцияға 1-4 сыныптар арасынан облыстық сырттай іріктеуден үздік атанған жобалар, яғни 8 оқушы қатысты. Оқушылар өз жобаларын слайдпен көрсете отырып, жасаған өнімдерін комиссия мүшелеріне көрсетті.

Нәтижесінде І орын:

Смартфон және қалам салғыш

Атығай АйсараӘділетқызы

Алибекова Гульмира Егиналиевна - бастауыш сынып мұғалімі

ІІ орын:

Қобдиша

Алмазқызы Медина

Казакбаева Айнур Толеугалиевна – бастауыш сынып мұғалімі

ІІІ орын:

«Күзгі бал» көйлегі

Жұмабек Арайлым Жанатқызы

Ордабекова Назира Газизовна –бастауыш сынып мұғалімі

 Қалған 5 оқушы әр түрлі номинацияларға ие болды.

       Конференция соңында лицей директоры конференция барысы бойынша өз ойын білдірді, әр оқушының жобасына талдау жасай отырып кемшіліктерді айтып өтті, өз ұсынысын білідірді және қатысқан оқушыларға өз ризашылығын білдіріп әр оқушы екі өзекті тақырып ашулары бойынша тапсырма берді.

      Сонымен бірге, комиссия мүшелерінің төрайымы, лицейдің ОІЖО Қаспақова Қ.А. конференция барысы бойынша әр оқушының жобасы бойынша өз ойын білдірді, кеткен кемшіліктерге тоқталды және өз ұсынысын білдірді.

Дата: 21.12.2018, 12:34 Автор: Школа-лицей №2 имени Абая