«Сыңғырла, алғашқы қоңырау»

«Сыңғырла,  алғашқы  қоңырау»

2018-2019 оқу жылындағы   Білім күнінде  «Болашаққа  бағдар: рухани  жаңғыру»  «Мәңгілік  ел», «Жүз   жаңа   есім» Балқаш  қаласы , лицей   мәртебесі   туралы    атты   тақырыпта, «Өркен» үгіт –насихат  тобы  мазмұнды,  қызықты   түсінік  берді.

   Саптық  жиында  сонымен  қатар  «Мектеп – білім  ордасы»  би  композициясы ,  «Айналайын» вокал тобының   орындауындағы   әндер  көпшілік  көңілінен шықты, оқушыларды  «Қоңыраулар  керуені» салтанатты  түрде  лицейге   қарсы  алды.

« Мен  -патриот- азамат» тақырыбында  бастауыш  сыныпта        ертеңгіліктер ойын  түрінде өткізілсе,  сынып  жетекшілерінің  ұйымдастыруымен   орта,  жоғары  сыныптарда  оқушылардың  жас  деңгейлеріне  қарай  дөңгелек  стол,  пікір алмасу,  кездесу    түрлерінде  бейне  баян  көрсетіліп,  қызықты  өтті.

Дата: 3.09.2018, 11:34 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі