Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы

    2018 жылдың 5 мамыры лицейімізде елордамыз Астана қаласының 20 жылдығы қарсаңында «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігі қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өтті. Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелейтін және туған тілі мен дінін дәріптеуге, отандастарымыздың даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке баулитын, сонымен қатар туған елінің жанашыр азаматы болып өсуіне зор ықпалы бар осынау ұйым балалар үшін маңызы айтарлықтай үлкен деп айтуға болады. Сайдың тасындай іріктеліп алынған оқушылардың жанарынан білімге деген құштарлық пен болашаққа деген сенім көрінеді. Болашақта «Мәңгілік ел» тізгінін ұстайтын азаматтар, бүгінгі «Жас ұлан» қатарына кірген оқушыларымыз екені анық. «Жас ұлан» ұйымына қабылданушыларға төсбелгісі және галстуктерді табыстау құрметі, тәрбие-ісі жөніндегі орынбасарларға, лицейдің «Сенім» өзін-өзі басқару ұйымының мүшелеріне табысталды.

Дата: 10.05.2018, 22:54 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі