"Салауатты отбасы" сайысы

Наурыз айының 03 күні «Абай атындағы №2 лицей» КММ-де Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту бағытында бастауыш сынып мұғалімі Ордабекова Н.Г. және дене шынықтыру пәні мұғалімдері Сатиев М.А, Молдажанова Т., Ахметов З., Байсакалов С.У. ұйымдастыруымен 2-сыныптар арасында «Салауатты отбасы» отбасылық спорттық сайысы жоғары деңгейде өтті.

Спорттық сайыстың негізгі мақсаты: отбасындағы тәрбиенің маңыздылығын, ата – ана мен балаға еліміздің ертеңі – дені сау азаматтың қолында екендігін түсіндіру және салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Сайысқа 2 «А» сыныбынан Серікбаевтар отбасы, 2 «Б» сыныбынан Бакишевтер отбасы, 2 «В» сыныбынан Қуанышбековтар отбасы қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Лицей оқушылары мен ата-аналардан құралған жанкүйерлер тобы да белсене қатысып, іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсетті.

Дата: 5.03.2018, 10:03 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі