«Адами капиталдың жаңа сапасы»

16.01.18 күні Балқаш қаласының әкімдігінде «Балқаш қаласы, Абай атындағы №2 лицейдің» математика пәні мұғалімі Әлжан Бекзат Төкенқызы президенттің жолдауы бойынша активке қатысып, баяндама оқыды. Баяндамада жолдаудағы «Адами капиталдың жаңа сапасы» атты 7-міндетіндегі білім саласына қатысты мәселелер айтылды. Соның ішінде үш тілділік, математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту, цифрлық білім беру ресурстарын терең меңгеру керектігі туралы сөз қозғалды. Сондай-ақ, мұғалім мамандығының беделін көтеру үшін атқарылып жатқан жұмыс туралы өз ойын білдірді.

Дата: 20.01.2018, 10:43 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі