«Ұлы дала баласы» атты патриоттық әндер сайысы

«Ұлы дала баласы» атты патриоттық әндер сайысы

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Абай атындағы  № 2 лицей» «Қазақтың 100 әні» жобасы  аясында өткізілген «Ұлы дала баласы»атты патриоттық әндер сайысы өтті.

Сайыс 3-6 сынып оқушылары арасында өтті.Байқау шарты бойынша оқушылар «Отан», «Туған жер», «Қазақстан», «Елбасы» тақырыбында ән шырқалды және сахна мәдениеті, орындалатын әнге байланысты киім үлгісі қаралды.

Сайыс жоғары деңгейде өтті. Жалпы, патриоттық әндер байқауы сәтті өтіп, әділ-қазылар алқасы орын алған оқушыларға  диплом, сыйлықтар табыс етілді.

Әділ-қазылар алқасының қорытынды шешімі төмендегідей болды:

Бас жүлде-Естемес Диас 5 «А» сыныбы

I- орын – «Көркем» вокал тобы 4 «В» сыныбы, Өмірсерік Нұрдана 4 «Ә» сыныбы.

II- орын – «Жас ұландар» тобы 4 «В»сыныбы,«Әуен» тобы 6 «Ә»сыныбы.

III -орын –Шайхов Айдар  3 «Г» сынып оқушысы, «Шабыт» тобы  5 «Б» сыныбы.Жәнеде номинациялар берілді.

Дата: 14.12.2017, 5:28 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі