«Тәуелсіздік елім- тірегі» атты ертеңгілік өтті.
Балқаш қаласының, Жұлдыз балабақшасында желтоқсан айының 11-ші жұлдызында мектепалды даярлық «Түймедақ» тобында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік елім- тірегі» атты ертеңгілік өтті. Бұл күн ата-бабамыз аңсаған арманының жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда балаларымыз еліміз, жеріміз туралы жырларын арнап, би билеп, өлең айтты. Балаларға Тәуелсіздікке қалай жеткеніміз туралы қысқаша мәліметтер беріліп, құрбан болған аға-әпкелерімізді еске алып, 1 минуттық үнсіздік жарияланды.
Дата: 14.12.2020, 15:14 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»