«Балқаш қаласының конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау орталығы » КММ теологтары Тұрлыбек Қыдыр Сәкенұлы мен Мұхтар Дінислам Оразалыұлы келіп дәріс оқыды.
2023-2024 оқу жылының қараша айының 7-сі күні Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебінің 9А ,9Б сыныбының оқушыларына «Балқаш қаласының конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау орталығы » КММ теологтары Тұрлыбек Қыдыр Сәкенұлы мен Мұхтар Дінислам Оразалыұлы келіп дәріс оқыды.
Тақырыбы: Діни экстремизм, терроризм — бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп
Мақсаты: Ұлттық салт - дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс - деп, дінімізді бұрмалап әртүрлі жаңалықтарды енгізіп, дінімізден, тілімізден, ділімізден, мәдениетімізден, қазақты қазақ етіп көрсететін салт - дәстүрімізден, ұлттық құндылықтарымыздан айырып, халық арасында араздық, дұшпандық, жеккөрушілік, тасбауырлық тудырып, адамның сана сезімін улайтын, әлемдік діндердің атын жамылып теріс бағыт беретін діни секталар туралы діни экстремизм мен терроризмнің мағынасын түсіндіру;
• Оқушыларға заңсыз жат діни ұйымдар туралы мағлұмат беру.
Міндеттері:
1. Білім алушыларды идеологиялық тақырыптарға арналған ақпарат көздерімен таныстыру. Оқушыларға діни экстремизмге қарсы күрес жолдары туралы ақпарат беру.
2. Білім алушылармен бірлескен іс - әрекеті арқылы, сұрақ - жауап пікір бөлісу.
3. Келер ұрпақ жас өренді өмір қауіпсіздігі, жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерге тәрбиелеу.
Іс-шара соңынан оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мамандарымыз жауап берді,оқушыларымыз өздерін толғандырған сұрақтарға жауап ала білді
Дата: 10.11.2023, 8:33 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп