«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» . Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім –тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып,адамгершілік рухта бағыт –бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Ұрпаққа айтар ақылы, үлгі етер өнегесі бар ардагер ұстаздар арамызда еңбек етуде.Осындай ардагер ұстаздың бірі - білім саласында 43 жыл еңбек еткен, 70 жастың шыңын бағындырған мектеп – лицейдің ардагер ұстазы , денешынықтыру пәнінің мұғалімі Аскаров Мадияр Чолкарбаевич. Жылдар бойы ұрпақ тәрбиелеп, осы ізден жаңылмай келген азаматтың ғұмыры кейінгі ұрпаққа өнеге.
Ұстаздар күні қарсаңында ардагер ұстаз мектеп – лицейішілік дәстүрлі «Зиялы сәрсенбі» кездесуінің қонағы болды.
Кездесудің құрметті қонағы сұхбат барысында балалық шағының қызықты сәттерінен тебірене сыр шертті. Ұстаздық еңбек жолындағы есінде қалған ерекше сәттерге тоқталып өтті.
«Адамның ойы, жаны, таза болып салауатты өмір салтын берік ұстану керек. Көп оқу керек. Оқымай жетілуге де болады, ол көңілге тоқу, тәжірибе, білік арқылы келеді. Бірақ, ол – білім емес. Білім - адамның ақы-лын қозғап отыратын керемет күш. Оның «білген сайын біле түссем» деген ғажап қасиеті бар. Осылай еткендер ғана атына заты сай азамат болады, рухани – адамгершілік қасиеттері басым адам және нағыз маман болады, үлкен іс тындыра алады» деп-ой тұжырымдады ұлағатты ұстаз.
Жас ұрпаққа тағылымды ой тастаған кездесуден оқушыларымыз өнеге алары сөзсіз!
Ұйымдастырушылар: «Ұлағат» әкелер мектебі, «Серілер» ұлдар клубы, «Қоғамға қызмет етемін» шаңырақ тобы.