Жаратылыстану әдістемелік пәндер бірлестігінің апталығы

Жаратылыстану әдістемелік пәндер бірлестігінің апталығы

  2017 жылдың 20 және 25 ақпан  аралығында жаратылыстану әдістемелік пәндер бірлестігінің «Жер Ана- ортақ үйіміз, табиғат- тылсым жұмбағы. Табиғатыңды тарту ет, аман бол Жердің құндағы! »атты апталығы өтті.  Бұл апталықтың негізгі мақсаты оқушылардың ойлау қабілетін және шығармашылық белсенділігін дамыту және өзара іс-тәжірибе алмасу.
   Мустафина С.А. биология пәнінен  7 «А»,7 «Ә»,7 «Б» сыныптары арасында «Зерделілер мен білгірлер» брейн-ринг сайысын өткізді.
Брейн-ринг  эстетикалық талаптарға сай безендіруімен, әрі топтардың дайындықтарымен ерекшеленді.
  Мухаметжан Г.С.,Беделбаева Н.А. биология пәнінен  9-10 сыныптары арасында  «Қызықты биология» атты  сайыс  өткізді.
  Мұғалімнің ойынды жүргізу барысында ұстамдылығы мен мәдениеттілігі,биология пәнін басқа пәндермен  байланыстыра отырып құрылған   функционалдық сауаттылық,логикалық сұрақтарды  шешуде оқушылардың білім деңгейі байқалды.
  Жасымбекова А.Р.  химия пәнінен  9-10 сыныптар арасында Chemical evening: "My finest hour" атты химиялық кеш өткізді.Бұл кеш арқылы шәкірт бойында мергендік, шапшаңдық, дәлдік қасиеттерін дамытумен қатар, химиялық есептердің мазмұнын ашуда актерлік шеберліктерін көрсету қызығушылықтарын тудырды.
  Жоғарыда аталған іс-шараларды өткізуде «Ұстаздың еңбегі шығармашылықтан тұрады» деген қағиданы басшылыққа ала отырып, әр оқушы қазақ елін дамытушы, әлемдегі дамыған елдермен тепе-теңдікке жетуге ат салушы тұлға екендігін ашып, бағыттадық. Сыныптан тыс шараларға  қатысқан  оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын байқатқаны, мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен педагогикалық біліктілігін, сабақты жүргізудегі қолданылған әдістердің нәтижелілігі жайлы пікір алмасып, оң бағаларын берді.