Жалпы білім беретін №8 орта мектебіннің 2016-2017 оқу жылындағы қысқы каникул кезінде өткізген іс-шаралар ақпары

Жалпы білім беретін №8 орта мектебіннің 2016-2017 оқу жылындағы қысқы каникул кезінде өткізген іс-шаралар ақпары

    04 қаңтар күні белгіленген «Жұмбақ құрастыру» және «Өтірік өлеңдер» тақырыбында үйірме сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың өз ойын жетік жеткізуге , ойын анық жеткізуге алған білімдерін өмірде қолдана білуге , шығармашылық қабілеттерін дамыту, тіл шеберлігін ұштастыру.
Мұнда оқушылар топқа бөлінді.
1-топ: «Тапқыр»
2-топ: «Зерек»
3-топ: «Шапшаң»
    Топтар арасында «Жұмбақ шеш»,  жұмбақ құрау түрінде сайыс өтті. Екінші бөлімде 1-топ: «Алғырлар»,   2-топ: «Кім тапқыр», 3-топ: «Зеректер» болып өтірік қлең айтудан жарыс ұйымдастырылды. Оқушылар белсенді түрде қызығушылық танытып, сайыс тартымды өтті.
2017 жылдың 04-қаңтар күні бейнелеу пәнінің мұғалімі Л.Т.Сардарбектің жетекшілігімен  "Қыс қызықтары" тақырыбында 3-4 сыныптардың оқушыларының қатысуымен, сурет байқауы өткізілді. Балалар көз алдарына елестетіп,өз қиялдарын қағаз бетіне түсіруге тырысты.Суреттер акварель бояуларымен ,түсрлі-түісті қарындаштармен орындалып, бірінен бірі әсірелеп салды. Соның ішінде 4Ә сыныбынан Муханова Б.,3А сыныбынан Қабытай А. ерекше салған суреттерін атауға болады.
   04 қаңтар күні 7 А,7Б сыныбының сынып жетекшілері М:Шабленова Мен С.Мустафина 7 сынып оқушыларының қатысуымен  «Тәуелсіз елдің ұрпақтары» атты интеллектуалдық-танымдық ойын өткізді. Бұл өткізілген ойындар қатысушылардың жас ерекшеліктеріне сай екендігі, оқушылардың белсенділігі, тілге деген қызығушылығы ерекше атап өтілді.Интеллектуалды ойының мақсаты-оқушылардың логикалық қабілеттерін дамыту, шапшаң ойлауға, қисынды ойлауды жетілдіру. Оқушыларға жас ерекшеліктеріне сай логикалық тапсырмалар, суретті тапсырмалар берілді. Оқушылар тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Ойын соңында жеңімпаздар мақтау қағаздарымен  марапатталды.
      Сонымен қатар, 1-сынып оқушыларына  қағаздан ойыншықтар жасау үйретілді. Олар шығармашылық жұмысты қалыптастыруға, дамытуға  бағытталған. Сыныптан тыс осындай қызықты жұмыстарды тартымды  да, қызықты, әсерлі етіп ұйымдастырған мұғалім, тек жақсы оқитын оқушыларды ғана емес, үлгерімі төмен оқушылардың да талабын ояту мақсатында жасатты. Оқушылар мұғаліммен бірге ойлап, істі бірге істеді.Соңында жұмыстарын А.Қасен мадақтап бағалады.
   2017 жылдың 05-қаңтар күні 5-оқушылары  фетра материалынан магнитті ойыншықтар жасауды үйренді.Жаң атехнология тәсілдерін меңгерте отырып, технология пәнінің мұғалімі С.Қыбырат өз қолдарымен қажетті бұйымдар жасауға баулып,үйретті.Өзара бірлескен жұмыс барысында қажетті заттар жасай отыра, қол ептіліктері қалыптасқаны аңғарылды.
   2017 жылдың 05 қаңтар күні   "Балдәурен" қуыршақ театры үйірмесінің қатысушыларымен "Алтын балық" ертегісінің кейіпкелерін сомдап қойып шықты. Негізінен үйірменің кішкентай әртістерінің өнерлері  ширақталғаны аңғарылды.  Қуыршақ театрынан Қария-Рүстем, балық болып Еңлік өнер көрсетті. Ертегіні жаттанды  ғана көрсетпей, нақышына келтіре сомдауға тырысты.
    6 сынып арасында  «Жас тілшілер» сайысы өткізілді. Сайысты ұйымдастырған өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі К.Мырзахметова жүргізді.
     Сайыстың мақсаты өз ана тілін біліп, өзге тілдерді құрметтеу, әр елдің  мақал-мәтел, жұмбақтары туралы түсініктерін қалыптастыру, көркем  сөйлеуге дағдыландыру болатын. Мұғалімдер ұжымы арасынан сарапшылар тағайындалды. Интерактивті тақтадан слайдтар арқылы сайыстың бағдарламасы, сайысқа қатысатын оқушылар, тапсырмалар көрсетіліп отырды. Қатысушы топтар «Жас тілшілер», «Жас әдебиетшілер» деп екі топқа бөліп, әр топқа  жеке тапсырмалар берді. Атап айтсақ, берілген сөздердің  мағынасын ашу, Отан,туған жер, оқу-білім, тіл, бірлік,достық тақырыбына берілген сөздерден мақал-мәтел құрастыру,бір сөзден бірнеше сөз құрастыру, әр ұлттың мақал-мәтелдерін жалғастыру секілді тапсырмалар берілді.Шығармашылық жұмыстар сайысында  «Қазақ тілі-мемлекеттік тіл» әр топтан 1 оқушы өз шығармаларын оқыды.
    Сайыстың қорытындысында  сарапшылар жеңімпаз деп   «Жас әдебиетшілер»  тобын құттықтады.
     05қаңтар  күні  3-сынып оқушыларына  "Қыс қызығы" атты ойын-сауық өткізілді. Балалардың қыс туралы түсінігін кеңейтіп, жыл мезгілдердің ерекшелігін айтуға, көргендері мен аңғарғандарын дұрыс баяндауға үйренді.Жаңа жыл қарсаңындағы толассыз мерекелік шаралар сияқты қысқы демалыс.
    Уақытында да мәдени, спорттық шаралар ұйымдастырылды. Денешынықтыру мұғалімі А.Сундетбаев  спорттық  корт маңында «Көңілді сырғанақ» шарасымен балаларды қуантты.
     06 қаңтар күні «Ертегілер елінде» үйірмесінің  жұмысы жүргізілді. Оқушылар ертегі кейіпкерлерін сомдап, өнерлерін көрсетті.
    2017жылы  6 желтоқсанда мектеп хореогрофы Жолболдина А.М мектеп  оқушылармен «Кел билейік» тақырыбында би жаттығуларын үйретті. Оқушылар би тәсілдерін    жете меңгеріп, тұтас би композияциясын шығарды.