Жаңа жыл-2017

Жаңа жыл-2017

  Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде  2016 жылдың  27 желтоқсан күні  1-7 сынып оқушыларына арналған жасыл шырша мерекесі ұйымдастырылып өткізілді. Шараға жиналған ата –аналар мен, оқушылар  үшін   алдымен санта клаус костюмін киген бишілер  «Қош келдің Жаңа жыл»  биін билеп, соңынан  «Ақшақарлар»  биімен ұласты. Мұнан соң  Алдар көсе ортаға шығап  оқушылардың  көңілдерін көтеріп, ортаға  ғажайып сарай иесі  Ханшайымды шақырды. Сонымен қатар, ескі жыл иесі Мешіндер мен жаңа жыл иесі Тауықтар ортаға шығап өз өнерлерін көрсетті. Мектеп директоры А.Т.Токейбекова  оқушылар мен келген қонақтарды  жаңа жыл меркесімен құттықтап,жылы лебізін білдірді. Әр түрлі  мерекелік костюмдер киген балалар  ортаға шығып «Аяз ата», «Ақшақар», «Қыс» тақырыптарында тақпақтарын айтты. Кейіпкерлер бірі аққаланың, бірі қыс мезгілінде ұйқыны жақсы көретің аюдың киімін киіп би биледі. Жаңа жылдың сәні кім деген сұраққа кішкене бүлдіршіндер аяз ата мен ақшақар десті. Аяз ата мен ақшақар балаларға ақ тілегін жаудырғаннан кейін,өнерлерін тамашалады. Келе жатқан жаңа тауық  жылын мектебіміз  жоғары деңгейде атап өтті.