Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде «Мәңгілік ел-мәңгілік тарих» атты салтанатты жиын өткізілгені туралы ақпар

Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде «Мәңгілік ел-мәңгілік тарих» атты салтанатты жиын өткізілгені туралы ақпар

   Ата бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігімізге биыл 25 жыл толып отыр.
  2016 жылдың 15-желтоқсанында  мектебімізде  «Мәңгілік ел-мәңгілік тарих» атты  салтанатты  жиын өткізілді. Салтанатты жиын басында «Мәңгілік ел-мәңгілік тарих»  атты қойылым көрсетілді. Көрініс соңында  «Достық» биі орындалып, 9В сынып оқушыларының үгіт насихат тобы  тәуелсіздік тарихына тағы бір шолу жасады.  
   Мектеп директоры А.Т.Токейбекова салтанатты жиынға қатысушыларға мерекелік лебізін білдіріп, мектеп өміріне белсене араласатын  үстаздарды,оқушылар мен ата-аналарды мақтау қағаздарымен  марапаттады.
   Әкелер кеңесінің мүшелері мен аналар мектебінің мүшелері қатысып, ата-аналар комитетінің төрайымы Саттыбаева Н. қазақ елінің тәуелсіздігі мен егемендігін сақтап қалу – әрбір саналы азаматтың  ісі  екендігін  атап  көрсетті.
   Жиын соңында ұландар сыныбы дефиле көрсетілімін көрсетіп, «Қазақстан бақыты», «Дала дастаны» әндері шырқалды. Жиын барлық балалар көңілінде  мерекелік сезім қалдырды.