25-қараша «Жахандық бастамалар» күніне орай өткізілген іс-шаралар ақпары

25-қараша «Жахандық бастамалар» күніне орай өткізілген іс-шаралар ақпары

   2016 жылдың 25-қараша күні жалпы білім беретін №8 орта мектебінде лездеме өткізіліп, 8- сынып оқушылары тақырыптық  үгіт-насихат ұйымдастырып өткізді.
 Қазақстан Республикасы Президентінің алғашқы жаһандық бастамаларының бірі – Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті ұйымдастыру болды. Қазақстан басшысы өзінің бұл бастамасын ғасырлар бойы жинақталған азиялық тәжірибені қайтара пайымдау, құрлықтық ынтымақтастық пен ұжымдық қауіпсіздік тұжырымдамасын өзара үйлестіру, және де заманауи жаңа қатерлерге қатысты бейімделудің жолдарын бірлесе отырып іздестіру мәселесінен туындап отырғандығын  атағандығы туралы айтты.
 Бұл бастамалардың негізгі мақсаты: Азиядағы бейбітшілікті, тұрақтылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында көпжақты ұстанымдарды қалыптастырып, ынтымақтастықты нығайту.
   Сонымен қатар, осы күні тарих пәнінің  мұғалімі З.М.Жакупова 10-11 сынып оқушыларымен «Бейбітшілік жолындағы Н.Назарбаевтың жаһандық бастамалар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.Оқушылар  шара барысында елбасының аталынған бастамалар негізінде құрылған халықаралық деңгейдегі ұйымдар өзінің өміршеңдігі және жалпыға тең тиімділігі арқасында әлемдік ортада айтарлықтай беделге ие болып отыр деп өз пікірлерін білдірді.