Қамқоршылар күні

Қамқоршылар күні

            Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде 2016 жылдың 28-қазан күні қамқоршылар күніне орай  «Бала күлкісі, көркі, сәні әлемнің»тақырыбында мерекелік кеш ұйымдастырылып, өткізілді.  Мектебімізде 6- қамқорлықтағы  оқушылар бар.     Қамқоршылар күні – бұл Қазақстандағы қазан айында өтетін ең жас мерекелердің бірі, жетім жәнеата-ана қарауынсыз қалған балаларға пана болып жүрген қамқоршылардың мерекесі.

        Іс-шараның негізгі мақсаты - әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, балалар үйіндегі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға отбасы қамқорлығын табуына көмектесу,марапаттау және оларға қуаныш сыйлау.

       Мерекеге қамқоршылар мен олардың қамқорлығындағы балалар,   «Бәйтерек» әкелер кеңесінің  төрағасы, аналар мектебінің  төрайымы шақыртылып, олардың назарына шағын концерттік бағдарлама ұсынылды. Қамқоршыларға балаға деген мейірбан жүректері үшін    мерекенің алғашқы құттықтау сөзін алған  мектеп директоры А.Т.Токейбекова алғыс білдірді.

      Қамқоршы ата-аналар мен балаларға  мектеп психологі «Алақан жылуы» тақырыбында тренинг  өткізді. Зекен Біржанның орындауында  «Әке-ана», Гамзат Мерзат «Жаяу әнімен»  көрермен көңілін көтерсе, Мұқышева Айзаттың орындауындағы «Әке»  әні көрермендердің көзіне еріксіз жас алдырды. Аталған мерекелік іс-шара соңында  қамқоршы ата-аналарға мектебіміздің атынан алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.