Рухани келісім күніне орай өткізілген іс-шаралар жоспары

Рухани келісім күніне  орай  өткізілген іс-шаралар жоспары

   Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде  18- қазан  Рухани келісім күнінен орай  іс-шаралар жоспары  бекітіліп, өткізілді. Окушыларға қазіргі діні ахуалдың қалыптасуы және дін мен салт-дәстүрдің арақатынасы, жат діни ағымдардың қоғамға ықпалы туралы түсіндіру,әлемдік діндер туралы түсініктерін кеңейту,өзіндік көзқарастарын қалыптастыру, оқушыларды ұлтжандылыкқа ,адамгершілікке, тілі мен дінін,салт-дәстүрін кұрметтеуге,ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында мектеп  кітапханасында 2016 жылдың 12 қазанында 7Ә ұлан сыныбының оқушыларымен  «Зайырлы мемлекет және биік руханият » атты мектеп кітапханашылары  Р.А. Исабаева және С.Р. Мырзагалиеваның жетекшілігімен  ақпараттық  көрме  ұйымдастырылып, тақырыпқа шолу жасалды. Мерекелі күнге орай,  І қабатта    «Телефондық лаңкестік» тақырыбында  бейнетаспа көрсетіліп отырды. 3-4 сынып оқушыларының арасында «Біз бейбітшілікті жақтаймыз!» тақырыбы бойынша  сурет  байқауы өткізіліп, қорытындысында   сурет көрмесі   жасалынды.18-қазан күні ұлтаралықдостық қарым-қатынасты сақтауға, дін саласындағы тұрақты мемлекеттік саясатты   ұстана білуге үйрету, толеранттікке және қоғамда тұрақтылықты сақтауғатәрбиелеу мақсатында «Діни келісім- тәуелсіздіктің негізі» тақырыбында  5-11 сыныптар арасында  сынып сағаттары өткізілді.  Оқушыларға сұрақтар қою арқылы осы мерекеден хабарлары бар екенібайқалды. «Рухани келісім бейбітшілік пен тұрақтылықтың негізі» атты мақала    қалалық,облыстық баспа беттеріне жариялануға ұсынылды.