8-қазан күні сенбіліктің өткізілуі туралы ақпар

 8-қазан күні  сенбіліктің өткізілуі туралы  ақпар

          7-қазан күні мектеп  әкімшілігі  мектепте  жұмыс лездемесін өткізіп,  мектеп оқушыларын, ата-аналарды, жалпы қала тұрғындарын тазалық күніне  ат салысуға шақырып,   «Жас ұлан» ұйымының мүшелері оқушыларға үнпарақтар таратты. 6-7 сынып  оқушылары сынып жетекшілерімен  бұл күні  мектепке бекітілген аймақтарда  тұрғын үйле маңында  тазалық күніне шақыру үнпарақтарын таратты. «Жұмыла көтерген  жүк  жеңіл» дегендей, 2016 жылдың 8-қазан күні   қаламыздың  тазалығын  сақтау  мақсатында  жалпы білім беретін №8 орта мектебінің  оқушылары мен  қызметкерлері сенбілікке қатысты.  Мектеп  маңайына және Бөкейханов көшесінің бойында     тазалау  жұмыстарын  жүргізді. Өздеріне  бөлінген  аумақтарды сыпырып, ағаштың  жерге  түскен  жапырақтарынан тазартты,қоқыстарды тазалады. Сенбілік  жұмыстарына мектебіміздің кіші қызметкерлері де  қатысып,ағаштардың түптерін ақтады. Ағаштардың түбін таспен көмкеріп, арықтарды қоқыстардан  тазартты.