Наурыз мерекесі!

Наурыз мерекесі!

   Мектебімізде 2015-2016 оқу жылындағы  наурыз айының 17-18-жұлдызында   Ұлыстың  ұлы күні  Наурыз мерекесі  аталып өтілді.
   Балаларға Наурыз мерекесінің мән-мағынасын ұғындыру, ұлттық салт-дәстүр түрлерін айта отырып, рухани жан-дүниелеріне әсер ету, салт-дәстүрді сыйлауға тәрбиелеу мақсатында бастауыш сыныптар мен жоғары сынып оқушыларымен  мерекелік іс –шаралар өтікізілді.  "Әже-отбасындағы алтын қазық" атты бастауыш сынып  оқушыларының әжелерімен сайыс ұйымдастырылып, ақ жаулықты әжелеріміз сынға түсті. Әжелер немерелерімен  бірге өздерін таныстырып, қазақтың салт-дәстүрлерін көрсетті. Бірі   «Тұсау кесу» салтын көрсетсе, енді бірі «Қырқынан шығару», «Бесікке салу» дәстүрлерін ұлықтады. Сайыс соңында  сынып оқушыларын  «Ақ мол болсын, Ұлыс оң болсын!» -деген  ақ тілектерін айтып  ұлттық дастарханға отырғызды. Әжелеріміз «Ұлағатты әже», «Парасатты әже» т.б  номинацияларымен марапатталды.
   Келесі күні  8-11 сыныптар аралығында  «Қош,келдің, Әз Наурыз!»  тақырыбында  мерекелік іс-шара өткізілді.
  Орта буындағы сынып оқушылары 5-7- сынып оқушылары ұлттық ойындардан ата-аналарымен және  сынып жетекшілері  оқушыларымен ұлттық ойындармен  жарысты. Жарыс соңында 6А сынып  оқушылары  жүлделі І  орынға ие болды.  Ал, 8-10 сынып оқушылары «Нұрғиса», «Абай», «Сәкен» «Ескендір» және «Шәмші» ауылдары болып,  ұлттық дастархан жайды. Сонымен бірге әр ауыл бір-бірімен өнер, салт-дәстүрлер бойынша сайысқа түсті. Айылдарда  ән шырқалып, жұмбақ айтыстар көрсетілді. Мерекелік кеш соңы қазақтың ұлттық ойындарымен жалғасты.