Жалпы білім беретін №8 орта мектебінің 11- сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысының өткізілгені туралы ақпар

Жалпы білім беретін №8 орта мектебінің 11- сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру  жұмысының өткізілгені туралы ақпар

   Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде  қаңтар айының 27- күні  11-сынып  оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында  кездесу жүргізілді. Кездесуде  Қарағанды қаласының Орталық Қазақстан  Академиясынан мамандар келіп, оқушыларға   Заң, қаржы, тіл және аударма, педагогика және  әлеуметтік жұмыс  факультеттері бойынша  бағыт бағдар берді.  Сонымен қатар  жоғары  оқу орнында қойылатын оқудың ақылы және төлемдер қалай  жүргізілетіні туралы түсіндірді. Соңында   оқушылар өздерінің  сұрақтарын  қойып жауаптар алды. Келген мамандар  оқушыларға мамандықтар жазылған  таратпа  қағаздарын  үлестірді.